28 қыркүйек күні Мұхтар Әуезовтің туғанына 119 жыл толды. Жазушының футбол командасы құрамындағы, түрмедегі және туған жері мен Америкаға сапары кезіндегі суреттері топтамасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының мақта еккен диқандары терімші таппай қиналып жатқанын айтады. Мақта өсірушілердің сөзіне қарағанда, Өзбекстаннан келген терімшілер қолдан-қолға тимей жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары «шекара түбінде күн көру қауіпті әрі қиын» және өздерінің «түгел жұмыссыз» екенін айтса, жергілікті билік өкілдері «тұрғындар өзін-өзі қамтығандар есебінде тұр, әлеуметтік жағдайлары орташа» дейді.
Алматыда Қазақстанның кино саласы үшін жылдың басты оқиғасы – ХІІ «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.
Еревандағы Республика алаңында Арменияның тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толуына байланысты әскери парад өтті. 21 қыркүйек 2016 жыл.
17-18 қыркүйек күндері Алматыда жас кинематографтардың қысқа метражды фильмдерінің алғашқы кинофестивалі өтті. «Байқоңыр» деп аталған бұл шараның «Еуразия» және «Бастау» халықаралық кинофестивальдерінен ерекшелігі - тәуелсіз, мемлекеттен ешқандай көмек алмайды. Фестивальді отандық кино туралы жазатын brod.kz веб-порталы шағын бюджетке ұйымдастырған. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды, бірақ ешкімге қаржылай сыйлық берілмеді.
Қазақстанның экс-президентінің қызы Дариға Назарбаева парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. Әкесі билікте болғанда ірі медианы басқарып, үкіметте, парламентте басшы қызметте істеген Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынамыз.
Қырғызстанның Балықшы кентіндегі «Эдельвейс» полигонында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қатысуымен «Бейбітшілік миссиясы - 2016» басқару-штабтық жаттығулары басталды. Террорға қарсы әскери жаттығуларға екі мыңға жуық сарбаз, көпшілігі соңғы үлгі бойынша жабдықталған үш жүздей әскери техника мен жаяу әскерге әуеден қолдау көрсететін қырыққа жуық әскери ұшақ қатысып жатыр.
Қазақстанда бүгін таңертең қалалар мен ауылдық жерлердегі мешіттерде айт намазы оқылып, Құрбан айт мейрамы басталды. Әлемде мұсылмандар Құрбан айт мейрамын үш күн бойы тойлайды.
Тағы