31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні Алматыда белсенділер жиналады деген саябақ маңында таңертеңнен бастап қауіпсіздік шарасы күшейді. Ол жерде интернет өшіп қалды. Шеруге қатыспақшы болған белсенділерді полиция үйден шығармай қойған соң, акция өтпей қалды.
Астананың тергеу соты белгілі супермарафоншы Марат Жыланбаевты екі айға қамады. Билік оппозициялық белсендіні "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысқан", "экстремистік ұйымның жұмысын қаржыландырған" деген күдікпен ұстаған. Жыланбаев тағылған айыппен келіспейді дейді адвокаты.
Оралдық журналист әрі азаматтық белсенді, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Лұқпан Ахмедияров сайлаудан кейін парламенттен емес, түрмеден бір-ақ шықты. Ол заңсыз митинг өткізгені үшін 15 күнге қамалған. Әкімшілік қамаудан шыққаннан кейін ол Азаттыққа сұхбат берді.
Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған" деп айыпталған, тіркелмеген Демпартияның лидері Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, сонша мерзімге қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салды. Мамай "саяси астары бар" үкімге келіспейтінін мәлімдеді.
Жоғарғы сот "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен түрмеге кесілген шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты толық ақтады. Аштаев – Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, Жоғарғы сот ақтаған алғашқы адам. Сот "дереу босталсын" деп шешім шығарса да, түрме әкімшілігі оны әлі қамауда ұстап отыр.
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі сарапшысы Мэри Лоулор Тәжікстан билігін "үрей күшейіп жатқаны үшін" сынға алды. Бірақ Душанбе белсенділер мен тәуелсіз адвокаттарға күмәнді айып тағып, ұзақ жылға түрмеге қамауын жалғастырып жатыр.
Президент сайлауға санаулы күн қалғанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "билікті күшпен алмақ болған" топты әшкерелегенін айтты. Қуғындағы оппозиционер оны "нашар қойылымға" балайды. Құқық қорғаушылар бұл хабар елде белсенділерді қамау жиілеген тұста тарап отырғанына назар аударады.
Қазақстанда кейінгі жылдары көрінеу жалған ақпарат тарату бабымен істі болған оппозициядағы саясаткер мен белсенді көбейді. Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылардың саяси бапты өзгерту туралы үндеуін Нұр-Сұлтан елемей отыр.
Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Ермек Нарымбаевтың қазіргі хал-жағдайын адвокаттары біле алмай отыр. Заречный кентіндегі ЛА 155/14 мекемесінде отырған саяси белсенді өткен айда, 52 жасқа толған күні түрме қызметкерлерінің "қысымына наразылық" ретінде аштық жариялаған.
Қазақстан билігі демократияландыру мен реформа жүргізуге уәде бергенімен, елде белсенділерді саяси себеппен қудалау азайған жоқ. Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасынан кейін билік бұрын қауіпсіз деп санаған белсенділердің өзін қысымға алғанын айтады.
Қазақстанда "биліктің атынан жасалған кісі өлтіру" әрекеті тыйылмай отыр; елде саяси тұтқындар бар; түрмедегі азаптауға кінәлілер жазаланбай қалады; сөз еркіндігі, бейбіт жиын өткізу бостандығы шектеледі. АҚШ үкіметінің әлемдегі адам құқығы жайлы 2021 жылға арналған баяндамасында тағы не айтылған?
Тағы