Неге дін саласын мемлекет реттеуі керек? Тікелей эфирде өтетін AzattyqLIVE хабарында бұл сұраққа Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев жауап береді.
Маңғыстау облысындағы ерлері терроризмге қатысты баптармен сотталып кеткен әйелдер өздерінің полиция тарапынан қысымға ұшырап отырғандарын айтады. «Еркін жүріп-тұрудан қалдық» деген олар балаларының да мектепте «қара тізімде» жүргеніне қынжылады. Ал полиция инспекторлары министр бұйрығын орындап жатқандарын айтса, мектеп психологы мәлімет үшін ғана жеңіл сауалдар қоямыз дейді.
Соңғы айларда Қазақстанда діни араздық өршітті деген айыппен «сүнниттік исламдағы салафи бағытты ұстанушы» үш адам сотталды. Олардың ешбірі өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ, қорғаушылары олардың құқықтары бұзылды дейді.
Моңғолиядан Қазақстанға 2011 жылы келген этникалық қазақ Ғазиза Октябрьге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні хабарланған. Жергілікті билік өкілдері оның «теріс ағым өкілі» екенін, сондықтан «Моңғолияға депортация жасалатынын» айтады. Ал оралман әйел тарихи отанында қалуға таласып жүр, енді ол азаматтық алу үшін сотқа жүгінді.
Алматыдағы «Иегова куәгерлерінің христиан орталығының» аймақтық діни бірлестігінің іс-әрекеті сот шешімімен үш айға тоқтатылды, олар ресейлік әріптестерінің тағдырын қайталаудан қорқады.
Қамаудағы екібастұздық мұсылман жігіттің екінші әйелі бір айдан бері мамырдың 19-ы күні Павлодар тергеу абақтысында аштық жариялаған жұбайының денсаулығы нақты қандай күйде екенін білуге тырысып жүр. ІІМ «аштықты тоқтатты» деп мәлімдейді.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы "Азат Азия радиосы" хабарлады. Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді.
Екі кішкентай баласы бар қапшағайлық Жанна Өмірова «діни өшпенділікті қоздыру» және «терроризмді насихаттау» айыбымен бес жылға сотталды. Оның терроршы деп танылған ері түрмеде отыр, сондықтан балалары әжесінің қолында қалды.
Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі намаз кезінде "әмин" деп дауыстап айтқанын мойындаған адамға алғаш рет айыппұл салынды. Мешіт қызметшілері "ол адам діни мекеменің ішкі тәртібін бұзды" деп түсіндіреді. Жергілікті полиция айыппұл салынған жігітті "деструктивті діни ағымды ұстанады" деп сипаттайды.
Ресейдің Солтүстік Кавказ өңірі тұрғындары аты-жөндерінің экстремистерді бақылайтын арнайы тізімге енгеніне наразы. Қазір олардың өмірінде тыныштық жоқ.
Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты «Иегова куәгерлері христиандар қауымы» діни бірлестігінің 60 жастағы мүшесі Теймур Ахмедовті «діни алауыздықты қоздыру» айыбымен бес жылға соттады. Ахмедовтің адвокаттары үкіммен келіспей, «клиентіміз арнайы қызмет ұйымдастырған арандатудың құрбаны болды» дейді.
Қазақстанның кей қалаларында тұратын Евангелие христиан баптистерінің бірлесіп құлшылық етуін жергілікті билік тіркелуден бас тартқандардың жиыны ретінде бағалап, айыппұл салған. Діндарлар тіркеуге тұру талабы «діни ұстанымымзға қайшы» деп санайды. Құқық қорғаушылардың да пікірі осындай.
Тағы