Швецияның солтүстігіндегі Остершунд қаласында белгілі өзбек имамы Обидхон қари Назаровқа қастандық жасады деп айыпталған Өзбекстан азаматы Юрий Жуковскийдің соты басталды.
Тәжік билігі өздері «Ислам терроршылары» атайтын топты қудалап жатыр. Бұл «терроршылар» Тәжікстан билігі құрамына кіріп әрі бейбіт келісім бойынша 18 жыл бойы үкімет әріптесі саналып келген еді.
Ресейдегі тәжік диаспорасы жетекшісі Тәжікстан үкіметінің діни саясатын сынайды. Оның пікірінше, үкіметтің саяси және діни топтарға қарсы әрекеті «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырлар ұйымы насихатшыларына тиімді.
Түрмедегі «жамағатшы» Сәкен Тулбаевпен кездесуде болған құқық қорғаушы «түрмеде тұтқынды соққыға жыққан сияқты» дейді. Түрме әкімшілігі бұл болжамды терістейді.
Шучинск қаласында тұратын көп балалы баптистер отбасы 553 доллар айыппұлды төлемегені үшін сот орындаушылары алып кеткен көлігін бір жарым жылдан бері қайтара алмай жүр. Айыппұл «рұқсат етілмеген орында» кітапша таратқаны үшін салынған.
Душанбеде Тәжікстан Ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі тұтқындалып, өткен айда бұл ұйымның аймақтық филиалдары жабылды. Сарапшы «енді радикалдар көбейеді» дейді.
Тәжік студенті соққыға жығылған соң полиция басшылығы қызметкерлерінің үстінен тергеу басталғанын мәлімдеді. Ауыр халде жатқан жігіттің жақын-туыстары «оны сақалы үшін сабаған» дейді.
Құқық қорғау ұйымы дерегінше, «Хизб ут-Тахрир» мүшесі, тұтқын Рафис Галиулинді қатал режимге ауыстырған. Әйелі «ерімді азаптады» десе, билік оны терістейді. Ал тұтқын жұбайына өлең жолдап жатыр.
Алматыда бір топ азаматтық белсенді «ұлтаралық араздық қоздырғаны» үшін белсенді Мұрат Телібековті жауапқа тартуды сұрайды. Дау шығуына бар-жоғы белгісіз кітап түрткі болған.
«Таблиғи жамағат» ұйымына қатысы бар және «діни алауыздық қоздырды» деп айыпталған Сәкен Тулбаев 4 жыл 8 айға сотталды.
Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайынғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жағдайына қатысты есебін жариялады.
Тағы