Прокуратура «Благодать» шіркеуі пасторы Бақытжан Қашқымбаевты «шіркеуге келген әйелдің денсаулығына қасақана залал келтірді» деген айып бойынша үш жылға соттауды сұрады. Пастор бұл істі «қолдан жасалған процесс» деп атайды.
Шіркеу пасторының қауым белсенділеріне қысым жасалғаны жайлы арызын Арқалық прокуратурасы тексеріп жатыр. Қысым көргендер арасында бюджеттік мекеме қызметкерлері мен этникалық қазақтар бар.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев ісіне қатысты процесс сотталушы мен оның адвокатынсыз өтіп жатыр. Оның мүддесін сот тағайындаған жаңа адвокат қорғайды.
Журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламов өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істі жабуды талап етіп, бас прокуратураға хат жазды.
Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Адвокаты жоқта аяқ астынан тағы бір сот отырысы өтіп, пастор Қашқымбаевтың ауыр екі айыбын алып тастады. Бірақ адвокат «сот бұл отырысты менсіз өткізбеуі тиіс еді» дейді.
Freedom House құқық қорғау ұйымы рейтингінде Қазақстан еркін емес елдер тізімінде қалып отыр. Рейтинг авторларының сөзінше, елдегі жағдай үздіксіз нашарлап барады.
«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша Астанада басталған сот отырысының алғашқы күні қорғаушы тараптың бірнеше өтініші қанағаттандырылмады.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы 2013 жылы Қазақстанда адам құқықтары бойынша ахуалдың нашарлай түскенін жазады.
Pew Research Center ұйымы жариялаған жаңа есепте дінге байланысты әлеуметтік араздық деңгейі тым жоғары елдер қатары алты жылда тым көбейіп кеткен деп көрсетілген. Қазақстандағы ахуал да сынға ілікті.
Терроризм бабымен бес жылға сотталған Наталья Войтенкованың ісін Астана қалалық соты қайта қарап, оны қамаудан босатты.
Қамауда отырған протестант пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың діни қызметінен сарапшылар «экстремистік идеяларын» тапты. Бұл істе «қызғылт-сары төңкеріс» туралы да сөз болады.
Тағы