«Благодать» пресвитериан шіркеуінің тұтқындалған пасторы Бақытжан Қашқымбаев уақытша қамау орнында денсаулығына қауіп төніп, тиісті ем ала алмай жатыр деп жазады азаматтық белсенділер.
Астана политехникалық колледжінің бірінші курс студенті Лолита Ташухаджаеваға хиджабын шешкізе алмай жатыр. Әуелі оған «оқу мен хиджабтың бірін таңда» деп талап қойып, баспасөзде шу шыққан соң үгітке көшті.
Астанадағы политехникалық колледждің 1-курс студенті Лолита Ташухаджиева хиджабын шешпесе, оқудан шығып қалмақ. Оның анасы көмек сұрап, білім және ғылым министріне хат жазды.
Қазақстанда азаматтардың «діни секталардың» заңсыз әрекетіне қатысты шағымдарын қабылдайтын «Жедел желі – 114» телефоны ашылды. Азаттық тілшісі осы телефонға әуелі қарапайым азамат ретінде хабарласып көрді.
«Астаналық террористерге» қатысты үкім жарияланды. Сотталушының екеуі он жылға түрмеге кесілді.
Протестант шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевты мәжбүрлі түрде тексеру үшін Алматыдағы уақытша қамау орнынан психиатриялық орталыққа әкеткен.
Amnesty International жаңа есебінде Қазақстанды босқындарды экстрадициялағаны үшін сынады. Кейбір жағдайлар туралы Forum 18 бен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті де хабарлайды.
Құқық қорғаушы және журналист Александр Харламов Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына этаппен апарылды. Енді оның ісі сотқа жіберілуі мүмкін.
Астаналық пастор Бақытжан Қашқымбаев «діни қауымға мүше әйелдің денсаулығына ауыр зардап келтірген» деген айыппен алдын ала екі айға қамалды. Ал «жәбірленуші» өзінің зардап шекпегенін айтады.
Ашғабат елдегі мұсылмандардың "дәстүрлі исламнан" ауытқымауын қатаң бақылайды. Ал сарапшылар "әсіредіншілдіктен қауіптенген биліктің әрекеті радикализмді күшейтуі мүмкін" дейді.
Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.
Құқық қорғаушы Нинель Фокина «Қазақстанда сенім бостандығының бұзылуы қалыпты жағдайға айналды» дейді.
Тағы