Алматыда оппозициялық "ДАТ" газетінің редакторы Бақытгүл Мәкімбайды соңғы сапарға шығарып салды. Замандастары қазақ тәуелсіз баспасөзінің қалыптасуына зор үлес қосқан журналистің үнін өшіруге тырысқандар талай рет соттап, ұрып-соқса да, ол ұстанымынан қайтпай, кәсібіне адал болып өткенін айтады.