Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Юлия Миронова журналист Жанар Асылханованы "жала жапты" деп айыптап, полицияға арыз жазды. Бұл - биыл маусымда "жала жабу" бабы Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылғаннан кейін елде ақпарат құралы өкіліне қарсы қозғалған алғашқы іс.
14 қазанда Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Интернеттегі еркіндік" (Freedom on the Net-2020) есебін жариялады. Ұйым биылғы есебінде де Қазақстанды "интернеті еркін емес ел" деп атады.
34 жастағы журналист Ербол Мәндібек мемлекет иелігіндегі Qazaqstan ұлттық телеарнасынан "өз еркімен қызметтен кетті”. Он жылдан аса президент пулында хабар таратып, кейінгі үш жылдай уақыт арнайы тілші болған Мәндібек қазір телеарна басшылығы мен оның редакциялық саясатын сынаушыға айналды.
"Диалогтар" жобасының төртінші кейіпкері – "ДАТ" оппозициялық басылымының жетекшісі, журналист әрі қоғам қайраткері Ермұрат Бапи.
Азаттық тілшілеріне шабуыл жасағандар әлі табылған жоқ, тергеу бір жылдан бері жүріп жатыр. Қазақстанда журналистерге қарсы қылмыстар көбіне жазасыз қалады.
Adamdar/CA платформасының бас редакторы, журналист Тимур Нүсімбеков Азаттыққа берген сұхбатында қазақстандық ақпарат құралдарының жағдайы, журналистикада қалай стартап бастауға болатыны, сайтқа "ойланатын" оқырманды тарту жайлы ойын бөлісті.
Қазақстан билігі коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу үшін енгізген шектеу шараларын біртіндеп жеңілдете бастады. Бұл адамдар қайтадан көшеде еркін жүріп, бизнес субъектілері кәсібін қайта бастап, қоғамдық өмір бұрынғы қалыпқа түсе бастайтынын білдіреді.
Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігін (2019 жылдың ақпанына дейін ақпарат және байланыс министрлігі болды) төрт жыл басқарған Дәурен Абаев президент әкімшілігіне кеткен соң, оның орнына Аида Балаева тағайындалды. Құқық қорғаушылар, журналистер мен белсенділер жаңа министрден не күтеді?
Үкімет қазақстандық және шетелдік құқық қорғаушылар халықаралық стандарттарға сай емес деп сынаған бейбіт жиын жайлы заңға өзгеріс енгізу жобасына митингіден хабар тарататын журналистергі жүктелетін екі міндет қосты. Тілшілер мен сарапшылар жаңа нормалардың қажеті жоқ деп санайды.
Қазақстанда төтенше жағдай кезінде "Жалған ақпарат тарату" бабымен іс қозғалған азаматтарды тергеу мәліметін жарияламау жайлы қолхат беруге мәжбүрлеу оларды өздерін жария түрде қорғау мүмкіндігінен айырады дейді құқық қорғаушылар. Тергеу орындары заңды құзыретін пайдаланып отырғанын алға тартады.
"Шекарасыз тілшілер" (RSF – Reporters without border) халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымы 21 сәуірде Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексін жариялады. Ұйым есебінде Қазақстан "баспасөз еркіндігі қиын жағдайдағы" елдердің қатарына енген.
АҚШ мемлекеттік департаменті наурыздың 11-і күні жариялаған Адам құқықтары туралы 2019 жылға арналған есебінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке әлі ықпал етіп отырғаны, қазіргі үкімет адам құқығын шектеп жатқаны айтылған.
Тағы