«БАҚ-ты мемлекет қаржыландырғаны тиімді ме?» деген сауалға түрлі пікір айтылады. Бірақ депутаттар мен сарапшылар бас қосқан жиында мемлекеттік қаржыландыруды сынағандар басым болды.
Белсенді Амангелді Батырбеков қарашаның 3-і күні Шымкентте түрмеде отырған жерінен БАҚ-қа хат жолдап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазықсыз сотталғанын жеткізуді өтінді.
10 қазан күні Қазақстанның жергілікті ақпарат құралдары журналист, блогер Бота Жұманованы белгісіз біреудің аяусыз ұрып кеткені туралы ақпараттар тарата бастады.
ЕҚЫҰ Adam журналы, Nakanune.kz, Ratel.kz және Zonakz.net сайттарына қатысты соңғы жайттарға алаңдайды. Журналистер мақалаларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, бірақ енді бұл платформаға да қауіп төнген.
Азаттық 5 қазан күні "Құқықтық медиа-орталық" ұйымының директоры Диана Окремова және заңгері Гүлмира Біржановамен онлайн-конференция өткізді.
Үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстан, Тәжікстан мен Түркіменстан жайлы бірлескен шолуында үш елде азаматтардың негізгі бостандықтарының бұзылып отырғаны айтылған.
Азаттықтың Түркімен қызметінің шілде айында күмәнді айыптармен ұсталған тілшісін үш жылға соттаған сыңайлы.
ADAM журналы бас редакторының айтуынша, «сот 50 миллион теңге моральдық шығын төлету және меншік иесі мүлкін тұтқындау туралы шешім шығарған». Редактор апелляциялық шағым түсірмек.
Азаттықтың Әзербайжан қызметімен әріптес болған журналист Хадиджа Исмаилова Бакудегі сот залында соңғы сөзін айтты.
Nakanune.kz сайты иесі миллиондаған теңге өтемақы туралы сот шешімінің күшін жойдыруға тырысып жүр. Қудалауға «Республика» жобасы өкілдері де қарсы. Оларға БАҚ қорғау ұйымдары араша түсті.
«Сіз бәле іздеп жүресіз, енді өз басыңызды қырсық шалады. Өзіңіз бен отбасыңыздың болашағына балта шаптыңыз». Түркіменстан билігі жергілікті тәуелсіз журналистер мен құқық қорғаушыларға шүйліккенде осындай сөздерді қолданады.
Nakanune.kz сайты жайлы сот шешімін «қалған тәуелсіз баспасөзге жасалған соққы» деп бағалаған шетел басылымдары Қазақстандағы жағдайды «диктатура» деп атайды.
Тағы