Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, оны жиі сынауға көшті. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.