Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
АҚШ TikTok әлеуметтік желісі жұрттың деректерін "Қытай биілігімен бөліседі" деп сезіктенеді. TikTok оны терістейді. Қазақстан бұл желіге қарсы шыға ала ма?
Гонконгтан АҚШ-қа қашқан қытай ғалымы, вирусолог дәрігер Янь Лимэн Қытай басшылығын коронавирустың жаңа түрінің таралуы туралы ақпаратты жасырды деп айыптады.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы ахуал жайлы жарияланған жаңа баяндамада биліктің Шыңжаң өлкесінің байырғы тұрғындары – ұйғырлар, қазақтар мен өзге де ұлттардың санын азайтуды көздейтін ауқымды науқаны туралы айтылған.
17 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктерге санкция салатын заңға қол қойды.
15 маусымда Үндістан билігі елдің 20 солдаты шекарада Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Пекин өз тарапынан қайтыс болғандар жайлы еш дерек айтпады.
Қытай мен әлем елдерінің арасындағы дипломатиялық даулар қандай?
Орталық Азия қауіпсіздігі мәселесіндегі Қытайдың рөлі артып келеді. Бұл болашақта Ресеймен арада қақтығысқа алып келуі мүмкін.
Пекин мен Вашингтонның ара-қатынасы суыған шақта АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктеріне санкция салатын заң жобасын мақұлдады. Палата заң жобасын Ақ үйге, АҚШ президенті Дональд Трампқа жолдады
Вашингтонның ескертуіне қарамастан, Пекиннің Гонконгте қауіпсіздікке қатысты шектеулер енгізу ниеті онсыз да оңып тұрмаған АҚШ-Қытай қатынасына жаңа сызат түсірді.
24 мамырда Гонконгте мыңдаған адам Қытайдың ұлттық қауіпсіздік туралы заңын қабылдау туралы жоспарына қарсылық білдіріп, көшеге шықты.
АҚШ Шыңжаңда "ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман топтарға қысым жасағаны үшін" Қытайдың ондаған компаниясы мен ұйымына санкция салды.
Тағы