Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қырғыздардың кейбірі билік тарапынан қысым көргендерін хабарлайды. Ал жалпы алғанда, жергілікті билік қырғыздардың ұлттық-мәдени тұрғыда дамуына көмектеседі.
Жексенбіден бастап Қытайдың әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде Винни Пухтың суреті ашылмай қалды. Желі қолданушыларының айтуынша, Алан Милнның балалар ертегісінің кейіпкері – томпиған аю Винни Пухтың суреттері мен стикерлерін іздесең, сурет ашылмай, оның орнына «бұл контент заңсыз» деген жазу шығады.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы "Азат Азия радиосы" хабарлады. Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді.
Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерінің мүше-мемлекет мәртебесін алғанын мәлімдеді. Бұрын алты мүшесі болған бұл ұйымның мүше елдерінің саны енді сегізге жетті.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен үш күнге келген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі жақты экономикалық байланыстар жайын талқылады.
Қытай астанасындағы «Бір белдеу – бір жол» саммитіне 29 елдің президенттері, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жетекшілері қатысты. Азаттық бұл жиынның Қазақстан үшін маңызды тұстары жайлы сарапшылардың пікірін білді.
Пекинде 14 мамырда «Бір белдеу - бір жол» стратегиясы аясында халықаралық экономикалық форум жұмысы басталды. 30 шақты мемлекеттің өкілі қатысып отырған жиында іскерлік және сауда қатынастары талқыланып, келісімдерге қол қойылады.
Шавкат Мирзияев Өзбекстанның президенті болып сайланғалы алғаш рет ресми сапармен Қытайға келді және бұл елде ол бірнеше күн аялдамақ. Мирзияев мамырдың 13-іне дейін ресми кездесулер өткізеді, мамырдың 14-і және 15-і аралығында Қытайда өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумына да қатысады.
Қытайда түрлі реакция туғызған андрогиндік поп-топ пайда болды. Жұрттың реакциясына қарап оларды қазақстандық Ninety One тобына ұқсатуға болады. Ninety One-ға қатысты реакция жігіттердің боянып, сырға тағуынан шықса, қытайлықтар Acrush тобының ұлдан айнымайтын қыздар екеніне таңғалған. Топ өкілі «ұл да емеспіз, қыз да емеспіз» десе, зерттеуші «ер мен әйел келбетіне қатысты дәстүрлі ұғымдарды бұзған» топқа наразы.
Шетелдік бірнеше басылымда Қытайдың "Жібек жолын" жаңғырту бастамасының жалғасы туралы жазыпты. Қытайдан тыс жерлердегі нысандарда еңбек етіп жатқан қытай жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нарық пайда болған.
Батыс баспасөзі орыс тілінің постсоветтік елдердегі позициясы, Ресейде Яндекстің Google-ден озғаны және Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарыс тұсында Қытайдың Азиядағы ықпалы жайлы комментарийлер жариялаған.
Пекин жақын арада Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтаса бастайтын сияқты.
Тағы