Қытай қазақтарының көріп отырған қысымына қатысты Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Хань Хуей алғаш рет жауап берді. Қытайда қамалған қазақтардың Қазақстандағы туыстары енді елшінің уәдесінен кейін жағдай түзелер деп үміттенеді.
Қытайдың батысында тұратын этникалық қазақтардың түрлі себеппен қамауға алыну себебі не? Си Цзиньпиннің екінші мерзімінде Пекиннің Шыңжаңдағы ұлттық саясаты қандай болмақ? Азаттық чехиялық белгілі қытайтанушымен сұхбаттасты.
Батыс баспасөзі Қорғас арнайы экономикалық аймағы, Guardian журналында жарияланған Қазақстан туралы мақалаға қатысты оқырмандар пікірі және қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтің тағдырына Мұратхан Тоқмәди мәлімдемесінің ықтимал әсері туралы жазған.
Қытайдан көшіп келген оралмандар тобы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Шыңжаңда бірнеше айдан бері қамауда отырған туыстарының дерегін білуге жәрдем сұрайды. Министр Қайрат Әбдірахманов "шетелдегі қазақ диаспорасының мүддесі мен құқығын қорғауға" уәде етті. Қытай консулдығы бұл мәселе жөнінде комментарий беруден бас тартты.
Қытай коммунистерінің қазанның 24-і күні аяқталған 19-съезінде Қытай коммунистік партиясының жарғысына ҚКП бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің есімі мен саяси идеялары енгізілді. Партияның ресми баспасөзі жазғандай, съездің ашылу рәсімінде сөйлеген әрі үш жарым сағатқа созылған бағдарламалық сөзі "тарихқа енген" Қытайдың қазіргі басшысы осылайша көзі тірісінде ҚХР-дың жаңа тарихындағы айтулы екі тұлға - Мао Цзедун мен Дэн Сяопинмен теңесті.
Қытайда туған қазақ жазушысы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің еңбектері Алматыда 15 том болып басылып шықты. Жинаққа оның алғашқы романы «Сергелдең», «Тұғырыл хан» секілді көлемді шығармалары, Қытай архивтерінен жазған зерттеу еңбектері енді. 2013 жылы Алматыда қайтыс болған жазушының өмір жолынан Қытайдағы авторитарлық режимнің 1960 жылдары қарапайым адамға көрсеткен қысымының алуан тәсілін көруге болады.
Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қырғыздардың кейбірі билік тарапынан қысым көргендерін хабарлайды. Ал жалпы алғанда, жергілікті билік қырғыздардың ұлттық-мәдени тұрғыда дамуына көмектеседі.
Жексенбіден бастап Қытайдың әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде Винни Пухтың суреті ашылмай қалды. Желі қолданушыларының айтуынша, Алан Милнның балалар ертегісінің кейіпкері – томпиған аю Винни Пухтың суреттері мен стикерлерін іздесең, сурет ашылмай, оның орнына «бұл контент заңсыз» деген жазу шығады.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы "Азат Азия радиосы" хабарлады. Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді.
Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерінің мүше-мемлекет мәртебесін алғанын мәлімдеді. Бұрын алты мүшесі болған бұл ұйымның мүше елдерінің саны енді сегізге жетті.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен үш күнге келген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі жақты экономикалық байланыстар жайын талқылады.
Қытай астанасындағы «Бір белдеу – бір жол» саммитіне 29 елдің президенттері, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жетекшілері қатысты. Азаттық бұл жиынның Қазақстан үшін маңызды тұстары жайлы сарапшылардың пікірін білді.
Тағы