Ауғанстанда билікке "Талибан" қозғалысы келген соң, Қазақстан былтыр ол елден 35 қазақты тарихи отанына жеткізген еді. Билік атамекенге оралуға ықылас білдірген өзге қазақтарды да эвакуациялауға уәде еткенімен, ол іс аяқсыз қалды. Ауғанстанда қалған қазақтар өздерін көшіріп алуды сұрайды.
Украинада тұратын қазақтар мен қазақстандықтар Ресейдің шабуылынан кейін басталған жарылыстар, банкоматқа кезек және елден кету ниеті туралы ой бөлісті.
18 желтоқсан – Мигранттардың халықаралық күні. Кейінгі жылдары Еуропадан, соның ішінде Чехия мен Швециядан босқын мәртебесін сұрайтын қазақстандықтардың саны артқан.
АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Тағайындалса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы атанған тұңғыш әйел, тұңғыш ақ нәсілді емес адам болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды.
Ауғанстандағы туыстары оқ пен оттың арасында қалғанын айтып көмек сұрайтындар көбейді. Оқырмандар Азаттыққа жіберген тізімде 100-ге таяу адам бар. Олардың ешбірі 9 қыркүйекте Қазақстан Ауғанстаннан әкелген 35 адамның ішінде жоқ. Ресми орындар қандастардың келесі легі қашан келетінін әлі айтпады.
Ауғанстанда "Талибан" билікті басып алғалы өзінің қазақ екенін, Қазақстанға кеткісі келетінін айтып, жәрдем сұрағандар көбейді. Әлеуметтік желіде Кабулдағы Қазақстан елшілігі алдында да бір топ қазақ апталап тұрғаны айтылды. 9 қыркүйекте Қазақстан Ауғанстаннан 35 қазақты елге әкелгенін хабарлады.
Қазақстан "Талибан" билік орнатқан Ауғанстаннан ұлты қазақ 35 азаматты елге арнайы ұшақпен жеткізді. Үкімет "қандастар уақытша оқшау жерде болады" дегенімен, оларды қайда орналастырғанын жарияламады. Азаттық тілшісі ауған қазақтары түскен қонақ үйді тауып, олардың бірі Мұхаммед Хасанмен сұхбаттасты.
"Талибан" Ауғанстанда билік орнатқаннан кейін ұлты қазақ екенін айтып, Қазақстан үкіметінен Ауғанстаннан алып кетуді сұраушы көбейді. Қазақстан СІМ ресми өкілі Ауғанстанда 200-дей ғана қазақ барын мәлімдеді. Ал ол елде тұратын қазақтар одан да көп екенін айтады. Азаттық ауған қазақтарын санап көрді.
Қазақстанда және бірнеше елде террористік ұйым деп танылған "Талибан" қозғалысы Ауғанстанға бақылау орнатты. Азаттық тілшісі сөйлескен Ауғанстан қазақтары үрей үстінде отырғандарын айтып, Қазақстаннан жәрдем сұрайды.
Тағы