Түркіменстаннан Қазақстанға көшкісі келетін жүзден астам этникалық қазақ отбасы жеті айдан бері атамекенге жете алмай отыр. Олардың көбі қыстың соңы, көктемнің басында үйін сатып, Түркіменстандағы тіркеуден шыққан. Бірақ пандемияға байланысты шекара жабылған соң сол елде қалуға мәжбүр болған.