"Талибан" Ауғанстанда билік орнатқаннан кейін ұлты қазақ екенін айтып, Қазақстан үкіметінен Ауғанстаннан алып кетуді сұраушы көбейді. Қазақстан СІМ ресми өкілі Ауғанстанда 200-дей ғана қазақ барын мәлімдеді. Ал ол елде тұратын қазақтар одан да көп екенін айтады. Азаттық ауған қазақтарын санап көрді.
Қазақстанда және бірнеше елде террористік ұйым деп танылған "Талибан" қозғалысы Ауғанстанға бақылау орнатты. Азаттық тілшісі сөйлескен Ауғанстан қазақтары үрей үстінде отырғандарын айтып, Қазақстаннан жәрдем сұрайды.
Украина соты Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туған 24 жастағы қазақ Ерсін Еркінұлын, Украинадан пана сұраған өтініші қаралып болғанға дейін, босқындар орталығында қалдыруға шешім шығарды. Бірнеше күн бұрын Словакия шекарадан заңсыз өткен Еркінұлын Украинаға кері қайтарған.
Нұр-Сұлтанда тұратын Алтынхан Қалиярқызы бір жарым жылдан кейін әзер қауышқан екі ұлы Қазақстанда қалып, азаматтық алғанын қалайды. Наурызда Қытайдан уақытша келген Таңжарық пен Есіл Шыңжаңға оралса жазаға тартыламыз деп қауіптенеді. Үш ұлдың үлкені Қытайда қалған.
Қазақтар – Ресейде Еділдің төменгі жағын мекендейтін ең ірі этникалық азшылық. 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында тұратын 150 мыңға жуық адам ұлтын қазақ деп көрсеткен. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Тодар Бактемирдің қазақ тілі туралы мақаласын ұсынамыз.
2014 жылы Нұр-Сұлтан мен Сеул бір айлық визасыз режим ашқан соң Оңтүстік Корея қазақстандықтардың заңсыз жолмен барып, нәпақа табатын еліне айналды. Азаттық тілшісі Оңтүстік Кореяға жұмысқа барған қазақстандықтармен, сол елге кеткен баласынан айырылған әкемен әңгімелесті.
Түркіменстаннан Қазақстанға көшкісі келетін жүзден астам этникалық қазақ отбасы жеті айдан бері атамекенге жете алмай отыр. Олардың көбі қыстың соңы, көктемнің басында үйін сатып, Түркіменстандағы тіркеуден шыққан. Бірақ пандемияға байланысты шекара жабылған соң сол елде қалуға мәжбүр болған.
Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен қазақстандық Герман Ким 57 жасында сол елде қайтыс болды. Кореяның Инчхон қаласына нәпақа табуға барған ұлы Денис Ким әкесінің сүйегін елге әкелуге ақшасы жетпей қиналып отырғанын айтады.
Тағы