Қазақстандық студент Кәкім Данабаев Азаттыққа Оңтүстік Кореяда өмір сүру ерекшелігі туралы айтты. Студенттен корейлердің қазақстандықтарға қалай қарайтынын, ақша табу үшін Кореяға барудың артықшылығы мен кемшілігін және әлемнің ең табысты елдері санатына кіретін мемлекеттегі қымбатшылық туралы сұрап білдік.
Батыс баспасөзі бұл аптада қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы, Сайрагүл Сауытбай мен Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайы және АҚШ-қа әкелетін уранға қатысты жаңа тергеу ісі туралы жазыпты.
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында үш күн толассыз жауған жауыннан сел болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды. Бұл аймақта тұратын халықтың басым бөлігі – этникалық қазақтар.
Германияның Мюнхен қаласында тұратын Ясмин Қарабазар кикбоксинг пен муайтайдан әлем және Еуропа чемпионаттарында жеңіске жеткен. Спортшы алдағы уақытта Қазақстанда өтетін жарыстарға қатысқысы келеді.
Қазақстанға Қытайдан келіп оқып жүрген этникалық қазақ студенттер жазғы каникулда Шыңжаңдағы ата-анамызға барсақ кері қайта алмай қаламыз ба деп қорқатындарын айтады. Білім және ғылым министрлігі каникулға кеткен 88 студенттің Қытайдан қайта алмай қалғанын хабарлаған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары басталды. Бұған дейін Астана "Қытайда ұсталған 170-тей этникалық қазақ" туралы мәлімет барын хабарлаған. Азаттық тілшісі сөйлескен кей азаматтар олардың саны бұдан әлдеқайда көп дейді.
Мамырдың 15-і күні Еуропарламентте Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы мәселе талқыланды. Азаттық жиынға қатысқан Еуропада тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынмен сұхбаттасты.
Бес жасынан бастап Мәскеуде тұратын прозаик әрі драматург Олжас Жанайдаров Ресей астанасындағы қазақстандық мигранттар тақырыбын шығармашылығына арқау еткен. Оның пьесалары тек Ресейде емес, қазақстандық театрларда да сахналанып жүр.
Қазақстанда жүріп германиялық оқу орнының грантын ұтып алып, қазір Нюрнбергте оқып жатқан студент оқу жүйесі жайлы әңгімелейді.
Тағы