Accessibility links

ХАМАС-тың Газадаға лидері болып Мохаммед Синвар тағайындалды. Ол - қаза тапқан Яхья Синвардың бауыры


Газа секторы.
Газа секторы.

ХАМАС ұйымының (АҚШ, ЕО террорлық ұйым деп таныған) Газа секторындағы жетекшісі болып Мохаммед Синвар тағайындалған. Ол – 2024 жылы қазанда қаза тапқан ХАМАС лидері Яхья Синвардың бауыры. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.

Газеттің дерегінше, Мохаммед Синвар қазір ХАМАС-ты қалпына келтірумен айналысып жатыр. "Катарда орналасқан ХАМАС өкілдері Яхья Синвардың қазасынан соң жаңа лидер тағайындамаймыз деп шешкен, оның орнына басқарушы кеңес құрмақ болған. Бірақ Газадағы ХАМАС өкілдері мұнымен келіспей, Мохаммед Синвардың басшылығымен жеке әрекет ете бастаған" дейді басылым дереккөздеріне сілтеп.

50 жастағы Мохаммед Синвар ХАМАС қатарына ерте жастан қосылған. Израиль түрмесінде біраз уақыт қамауда отырған. Араб шенеуніктерінің сөзінше, Мохаммед "сахна сыртында" әрекет еткен соң "көлеңке" деген лақап ат алған. Израильдің әскрилері журналистерге "Мохаммед Синварды табу үшін барын салатындарын айтқан".

ХАМАС лидері Исмаил Хания 2024 жылы жазда Тегерандағы резиденциясында қаза тапқан соң Яхья Синвар ХАМАС жетекшісі болған еді. Ал қазан айында Израиль Яхья Синварды да өлтіргенін мәлімдеген. Израиль 2023 жылы 7 қазандағы шабуылды ұйымдастырушылар қатарында Яхья Синвар бар деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG