Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары басталды. Бұған дейін Астана "Қытайда ұсталған 170-тей этникалық қазақ" туралы мәлімет барын хабарлаған. Азаттық тілшісі сөйлескен кей азаматтар олардың саны бұдан әлдеқайда көп дейді.
Мамырдың 15-і күні Еуропарламентте Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы мәселе талқыланды. Азаттық жиынға қатысқан Еуропада тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынмен сұхбаттасты.
Бес жасынан бастап Мәскеуде тұратын прозаик әрі драматург Олжас Жанайдаров Ресей астанасындағы қазақстандық мигранттар тақырыбын шығармашылығына арқау еткен. Оның пьесалары тек Ресейде емес, қазақстандық театрларда да сахналанып жүр.
Қазақстанда жүріп германиялық оқу орнының грантын ұтып алып, қазір Нюрнбергте оқып жатқан студент оқу жүйесі жайлы әңгімелейді.
Ауғанстанның Құндыз уәлаяты Имам-Сахиб ауданында туып-өскен Айнуддин Муради былтыр күзде Қарағанды политехникалық университетінің дайындық курсына түскен. Айнуддин Азаттыққа берген сұхбатында Ауғанстандағы қазақтардың атамекенге оралғысы келетінін айтты.
Қазақстанның Тараз қаласында туған, қазір Бразилия атынан жарысқа қатысып жүрген балуан Марат Гарипов Перуде өткен Панамерика чемпионатында қола жүлдегер атанды. Балуан Азаттыққа берген сұхбатында Бразилияға қалай барғаны және ол елдегі жетістігі жайлы айтып берді.
Үндістанда оқитын қазақ студенті үнді сериалдарына түсіп, қосымша табыс тауып жүргенін айтады. Хайдарабадта оқитын студент ауа райы ыстық, өмір сүру құны арзан қаланың тіршілігі туралы да сөз етті.
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұсталып, "саяси тәрбие орталығында" үш ай қамауда болған, қазір Қазақстан азаматтығын алған Қайрат Самарқан Азаттыққа қандай қиындықты бастан өткергенін, қайтіп босап шыққанын баяндады.
Ғайша Өтеуова оқуын Қазақстанда бітірмей, не себепті әуелі Ресейде, сосын Францияда жалғастырғанын айтып берді. Бұған қоса, ол франциялық студенттердің сессия тапсырмай екінші жылға неге өз еркімен қалатынын және Франциядағы университетте жылдық оқу ақысы неге 400 еуроға жетпейтінін түсіндірді.
Ұлан-Баторда тұратын ұшқыш Әуез Таштуанұлы дүниежүзіндегі ең ірі ұшақтардын бірін басқарады. 33 жылдық тәжірибесі бар маман Азаттықпен сұхбаттасып, авиация саласының қыр-сырымен бөлісті.
Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі "Жаңа Қазақстан" атты форум өткізіп жатыр. Азаттық тілшісі осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасты.
Тағы