АҚШ-қа эмиграцияға кеткен қазақстандық суретші Қанат Ибрагимов шетелге саяси себептерге байланысты және Қазақстанда өзінің де, елдің де болашағы жоқ деп санайтындықтан кеткенін айтады. Азаттыққа елден кетуінің себептері, Сан-Францискодағы өмірі туралы айтып берген Қанат Ибрагимов "Егер АҚШ және Қазақтан президенттерімен Ақ үйде кездессеңіз, екеуінен не жайлы сұрар едіңіз?" деген сұраққа да жауап берді.