Астанада өтіп жатқан құрылтай кезінде Қазақстанның Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімі бастығының ауысқаны белгілі болды. Шыңжаң қазақтарының виза мәселесін Азаттық радиосы үнемі назарынан шығармай келеді.
"Исматулла Мақсұмның соты басталмай жатып, оны қылмыскер деп атаған Хабар телеарнасын сотқа беремін» деген адвокаттың сөзінше, мемлекеттік телеарна «Ақиқат» деректі фильмінде қылмыстық іс құжаттарында жоқ жайттарды көрсеткен.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Қытайдағы виза кезегі мәселесі бізге байланысты емес» дейді. Ал Үрімжі қазақтары «Қазақстанның төлқұжат-визалық қызметі енді баспасөзге шағымданғандарға қызмет көрсетуден бас тартты» деп жазады.
Бір жарым миллион қазақ тұратын қытай елінен Қазақстанға келіп-кетеміз деген азаматтар виза алу үшін талай тауқыметті бастан кешеді.
Қытайдан жеткен электронды хат, телефон қоңырауларына қарағанда, Қазақстанның Бейжіңдегі консулдығы мен Үрімжідегі төлқұжат-визалық қызметінің айналасында пайдалы бизнес қалыптасқан сияқты.
Еуропадағы қазақтар туралы сөз болса, әңгіме олардың ана тілін ұмытып бара жатқандығына тіреле береді. Ұлыбританияның Кардиф қаласының тұрғыны Ахан Отыншы да бүгінгі ұрпақтың ана тілінен ажырап бара жатқандығына алаңдайтындығын айтады.
Қазақстан үкіметі бекіткен жаңа «Нұрлы көш» бағдарламасынна сәйкес, жыл сайын 20 мың отбасын көшіріп әкелу жоспарланып, алғашқы үш жылға 170 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Қазақстан еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік квотаға кірген 15 мың отбасының жыл басынан бері шамамен 70 пайызы Қазақстанға қоныс аударған. Келіп жатқандардың көбі Өзбекстан қазақтары екен. Биылғы квота бойынша ол елден барлығы 10885 отбасы көшіп келмек.
Мәжіліс депутаттары Валерий Котович пен Михайл Трошихинның 1990 жылдарың басында Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтардың қайтып келгісі келетіндеріне оралмандармен теңестірілген жеңілдіктер жасау қажеттігі жөнінде мәселе көтеруі қоғамдық пікірге қозғау салды.
Астанада тұрақтап қалғысы келетін оралмандардардың саны 961, бірақ тек 77 отбасына ғана квота берілмек.
Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударып Ақмола облысына арнайы квота бойынша жеткен оралмандардың бірқатары жылдап азаматтығын ала алмай жүр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігі осы елдегі оралмандардың қоғаммен етене араласып кетуі үшін оларға құқықтық көмек көрсетуге ниет танытып отыр.
Тағы