Астанаға Жаңаөзеннен тұрақты жұмыс беруді талап етіп келген, министрлік алдынан полиция күштеп алып кетіп, түні бойы ұстаған мұнайшылардың көбі пойызбен үйіне қайтты. Олар билікпен келіссөз өткізуге 10 адам қалғанын айтады. Жаңаөзенде полиция көшеден адамдарды ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады.
Маңғыстаудағы West Oil Software және Techno Trading LTD компаниясы жұмысшыларының ереуілдеп жатқанына екі аптадан асты. Екі компания да ереуілді заңсыз деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Олардың бірінің арызын аудандық сот қанағаттандырды. Ереуілшілер жұмыс беруші ұсынған үстеме мөлшерімен келіспейді.
2011 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында полиция ереуілде тұрған мұнайшыларға оқ атып, 16 адам қаза тапқан еді. Содан бері ереуілдер Қазақстан билігінің бас ауруына айналды. Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығы жақындаған тұста ереуілдердің жанданғаны билік уайымын тереңдете түскендей.
Нұр-Сұлтанда қыстың соңғы күндері жалақы өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен краншылардың ереуілі жиіледі. Компаниялар краншылар жалақысын өсірген, бірақ жұмысшылар талабымыз орындалмады дейді. Краншылар наразылығының егжей-тегжейіне үңіліп көрдік.
Қазақстанның көп аймағында жалақысын көтеріп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшы ереуілі жиілеп кетті. Құқығын қорғап шыққандардың бір тобы талабын орындатса, кейбірі жұмыссыз қалды. Сарапшылар ереуілдің көбейгеніне бірнеше себеп барын айтады.
Ақтөбедегі жолаушы таситын компанияның жүзге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы мен әлеуметтік төлемдерге қарызды өтеуді, айлықты көбейтіп, күндік жоспарды азайтуды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Қала әкімі "мәселені шешуге" сөз берген соң ғана жұмысшылар ереуілді тоқтатты.
Ақтөбе өңіріндегі "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатқаны хабарланды. Өткен аптада олар жалақыны екі есе көбейтуді талап етіп, ереуіл жариялаған. Облыс әкімдігі компаниялар мен жұмысшылар мәмілеге келіп, Көкжиде мен Бәшенкөл кеніштерінде жұмыс қайта жалғасқанын айтады.
Қазақстанның мұнай-газ саласында ұзақ жыл еңбек етіп, басшы қызметтер атқарған Меңдеш Салихов Азаттыққа берген сұхбатында жергілікті мұнайшыларды жұмыспен қамту, мұнай алаңдарының шетел компанияларына берудің зардабы, саланы басқа мамандық иелерінің басқаруы сынды көкейкесті мәселелерді айтты.
Тағы