Арал теңізі жақтан тосыннан соққан тұзды дауыл онсыз да табиғаты қиын өңірдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін экологиялық апат туралы ескерту жасағандай.
Қарағанды облысы әкімдігі мен Әлия Назарбаева басқаратын "Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы" Теміртау экологиясын жақсартатын жоспар ұсынды. Жобаның таныстырылуына қатысқан кейбір экологтар мен жергілікті белсенділер "ұсыныстарымыз сол күйі ескерілмеді" дейді.
Волоколомскіде "Ядрово" қоқыс полигонындағы улы заттардың ауаға тарап, балаларды улағанына жаппай наразылық танытқан халық күресінге баратын жолды жауып, жүк көліктерін өткізбей қойды. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.
Ондаған адам көшіріліп, Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, Өскемен-Алматы жолының бірнеше тұсын су алған.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан аумағына құлату жоспарланған "Союз-2" зымыраны бөлшектері қоршаған ортаға зиян әкелмейді деп сендіруге тырысады. Зымыран бөлшегін құлатуға қарсы белсенді ондай зерттеу қорытындысын жұртқа жариялауды талап етеді.
Теміртауда жауған қардың қарайып кетуінен кейін өнеркәсіп орындарына басталған тексеру әлі аяқталған жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындар үшін күтпеген қорытындылар жарияланып жатыр. Шенеуніктер мен экологтар ауаны ластау көздерінің бәрі "Теміртаудың өз ішінде" дейді.
Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар Ақтоғайдағы химиялық қалдықтар қоймасы экологияға зиян тигізіп отыр деп шағымданды. Қоймаға иелік ететін "KAZ Kazminerals Aktogay" компаниясы "қауіп жоқ" десе, жергілікті билік органдардың жауаптары бір-біріне қайшы шығып отыр.
Ресейдің қоршаған ортаны бақылайтын қызметі ел аумағында алынған сынамадан рутений изотопы анықталғаны туралы хабарлады. Бұған дейін француз ғалымдары Еуропаға жеткен радиоактивті бұлт Ресей немесе Қазақстаннан тараған болуы мүмкін деген болжам айтқан еді.
Үкімет Қостанай облысынан ресейлік «Союз-2» зымыраны бөлшектерін құлатуға 76 мың гектар жерді жалға бөлмек. Бұл бастамаға қарсылық білдіргендер зымыран бөлшектерінің адам өмірі мен қоршаған ортаға зияны жоқ екендігіне дәлел келтіруді талап етеді.
29 тамызда Астанадағы «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстанда салынған аз байытылған уран (АБУ) банкінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Қазақстанда вегетариан болу қиын ба? Азаттық тілшісі еттен бас тартқан жандардың өмір салтын бақылап көрді.
Кейінгі айларда Ақтөбе қаласын жайлап алған жағымсыз иістен әбден мезі болған белсенді ақтөбеліктер бас қосып, билікке талап қоя бастады. Әлеуметтік желілер арқылы топтасқан белсенді тұрғындардың талабынан соң Ақтөбеде жағымсыз иіске қатысты жиындар да жиіледі. Соның бірі шілденің 27-сі күні Ақтөбедегі ауыз су және канализация желілеріне жауапты «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының акт залында өтті. Бірақ бұл жиында да тұрғындардың «жағымсыз иістен қашан құтыламыз?» деген ең басты сауалы жауапсыз қалды.
Тағы