Астана халықаралық бағалауға мән бере ме? Мұндай рейтингілер шешім қабылдау процесіне ықпал ете ме?
Transparency International (TI) халықаралық ұйымының 2018 жылға арналған Жемқорлық индексінде алдыңғы жылмен салыстырғанда екі орынға төмендеген Қазақстан қазір 124-орында тұр.
Жапон ғалымы Нацуко Ока Қазақстанның білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеп жүр. Азаттыққа берген сұхбатында шетелдік ғалым неліктен адамдардың пара беріп, тамыр-таныстықты пайдаланғанды жөн көретіні және оның қоғамға тигізетін кесірі туралы айтты.
Қарағанды облысында кәсіпкерлер мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалған қысым, толассыз тексеріс пен жемқорлыққа шағымданған соң билік бұл мәселені шешуге уәде берді. Аймақта жемқорлық рейтингі де түзіледі.
БҰҰ бастамасы бойынша жыл сайын 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі.
Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігі "халықтан ұрланды" деген күдікпен Швейцарияда бұғатталып, кейін Қазақстанға қайтарылған ақшаның жартысы – 21,76 миллион доллардың қалай жұмсалып жатқаны туралы Азаттыққа жауап берді.
Жемқорлық туралы хабарлаған адам қоғамда өзін айыптаушылар көбейгенін айтады. Кей сарапшылар жемқорлық тамырын қию үшін жүйені өзгерту керек деп санайды. Коррупциямен күресуші орган өкілі "жемқорлық жайлы хабарлағандарға 2017 жылы 26 миллион теңге сыйақы берілді" дейді.
Ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры, «пара алуға әрекеттену» айыбы тағылған Ерлан Біләлға қатысты сот процесі аяқталды.
Батыс баспасөзі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары жайлы жазғанда Орталық Азиядағы бұл елді "клептократия" деп атаған, бірақ Вашингтон үшін Астананың стратегиялық маңызы барын да көрсеткен. Назарбаевты "байсалды" және "кемеңгер" лидер деп сипаттаған.
Батыс басылымдары Трамп серіктерінің қазақстандық бизнесмендермен "ықтимал байланысы" туралы жазды. Бұған қоса, Қазақстан мен молдовалық бизнесмен Анатол Стати арасындағы сот істері және Қорғастағы сауда-саттық жайы сөз болған.
"Ірі көлемде пара алған" деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бүгін Астанадағы сот процесі кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайтыны туралы мәлімдеді.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны әшкереленді" деп хабарланды.
Тағы