Түрмеде отырғанына тоғызыншы жылға айналған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке операция жасалды. Сарапшылар БҰҰ комитетінің Жәкішевті жақтап шығарған шешімін ескертіп, оны түрмеден шығарған жөн дейді. Түрме билігі тұтқынның денсаулығын "норма шегінде" деп бағалайды.