Неміс сарапшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев "кісі қолынан қаза тапқан" деп мәлімдеді. Бұған дейін "Рахат Әлиев түрмеде өзі асылып қалған" деген ақпарат тараған еді.
Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі және Грузиядағы Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев 90 жылдардағы билік пен оппозицияның текетіресі, сайлаудағы бұрмалау мен биліктің жер мәселесіне келгенде есебінен жаңылғаны туралы пікірлерімен бөлісті.
Батыс баспасөзі Рахат Әлиевтің қазасына қатысты істі қараған судья Мария Шергубельдің ұйғарымын талқылап, Қазақстан теңгесін «әлемде биыл ең нашар күйге түскен валюта» деп атаған.
Вена прокуратурасы Рахат Әлиевтің бұрынғы камераластарын ақтау жөніндегі сот шешіміне қарсы шағым түсірмек. Қаза болар алдында Әлиев оларды «бопсалады» деп айыптаған.
Вена түрмесінде өлген Рахат Әлиев Лондондағы Бейкер стриттегі әйгілі үйдің иесі болуы мүмкін.
Вена соты "Нұрбанк" ісі бойынша айыпталған Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякті босатты. Австрия прокуратурасы мен жәбірленуші жақтың адвокаттары бұған қарсы.
Бүгін Венада «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтіру ісі бойынша алқабилер соты жиналады. Басты айыпталушы Рахат Әлиев болған бұл сот ісін Австрияда әдеттен тыс процесс деп атайды.
Алдын ала қамауда отырған сотталушылар - ҰҚК-нің бұрынғы офицерлері Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякты абақтыдан босатты. Алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісін қарап жатқан Вена сотында «қайшы ақпарат» табылған.
23 сәуірде Вена соты алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісі бойынша негізгі куәгер Әбілмәжін Ғилымовтың жауабын тыңдауды жалғастырды.
Сәрсенбі күні Вена сотында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, "екі банкирді қастандықпен өлтіруге қатысы бар" деп айыпталған Әлнұр Мұсаев іске қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді.
Сәуірдің 14-інде Австрияда алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісі бойынша Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицерлері Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляктің соты басталды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының кезіндегі қарсыластары Рахат Әлиевтің "асылып өлгеніне" сене алмай, әрі-сәрі күй кешкендерін айтады.
Тағы