Павлодардағы тергеу изоляторында жатқан диссидент Арон Атабекпен кездескен құқық қорғаушы Елена Семенованың айтуынша, тұтқын "ақпаратқа зәру". Оның хаттары жолдаған жеріне жетпейді, өзіне хат келмейді.
Белсенділер ұзақ мерзімге сотталған диссидент Арон Атабекке жылы киім-кешек жібере алмай жүр. Мұны растаған колония басшысы қамау шарты бойынша Атабектің сәлемдеме алуына тыйым салынғанын айтты.
"Шаңырақ ісі" бойынша сотталған Ерғанат Тараншиев мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Азаттыққа түрме әкімшілігіндегі дереккөзі растады.
Қазақстанда "Шаңырақ ісі" бойынша сотталған Рүстем Тұяқов түрмеден босап шықты. 2007 жылы күзде Алматы соты оны 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
12 жыл бойы түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек 65 жасқа толды. Оған барған құқыққорғаушылар ақынның шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдетуді сұрап өтініш беру ойына кіріп шықпайтынын айтады. Достары мен таныстары Атабектің сан қырлы тұлға екенін айтса, құқыққорғаушылар оның төзімділігіне тәнті болады.
11 жыл бұрын Алматы маңындағы Шаңырақ ауылы тұрғындары полицияның үйлерін бұзу әрекетіне ұйымдасып қарсы шыққан еді. Осы іс бойынша сотталғандардың біразы мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға тырысып жатыр.
«Шаңырақ ісі» бойынша сотталғандардың бірі, түрмеде отырғанына 10 жыл болған Ерғанат Тараншиевтің шартты жазамен ерте босатуды сұрауға болатын мерзімі жатті. Тұтқынның туыстарының айтуынша, жуырда олар Тараншиев мемлекетке «қарыз» екенін естіген.
Шаңырақ оқиғасына байланысты сотталған Арон Атабектің «Сердце водолея» өлеңдер жинағын шығарған баспа «оның кей өлеңдерін кітапқа енгізе алмағандарын» айтады.
10 жыл бұрын Алматыда Шаңырақ ықшамауданында полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болған еді. Содан бері не өзгерді? Оқиға куәгерлері не дейді?
Астана соты түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жеті талабының қалған екеуін де орындамады.
Павлодар қаласындағы тергеу абақтысында отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек камера үлгісіндегі бөлмеден жалпы камераға ауыстырылды.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Тағы