Ресейдің Новосибирск қаласының іргесіндегі Искитим ауданындағы Ложок кентіндегі жұрт шипалы бұлақ деп атайтын бұлаққа қазір бүкіл Сібірден адамдар барып жатыр. Ал 70 жыл бұрын, 1932-1955 жылдары бұл жерде сталиндік ГУЛАГ-тың ең қорқынышты лагерьлерінің бірі болған еді. Оны №4 жеке лагерь пункті (ОЛП-4) деп атаған.
Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты.
«Әблязовтың ұрлаған қаржысының бір бөлігінің ізін газеті арқылы жасырған» деген айыппен істі болған журналиске бүгінгі сотта соңғы сөзін айту мүмкіндігі берілді.
Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотында журналист Жанболат Мамайдың үстіне қозғалған қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Прокурор оның бостандығын төрт жылға шектеуді сұраса, адвокаттар қылмыс дәлелденбегенін айтады. Сот үкімі шығатын сәт таяп келеді.
Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотында оппозициялық журналист Жанболат Мамайдың қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасты.
Азаматтық белсенді әрі оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газетін шығарумен айналысқан журналист Жанболат Мамайдың сотында оны қазір шетелде тұрып жатқан БТА банкінің бұрынғы басшысы, өзін Қазақстандағы қазіргі режимнің қарсыласы деп атайтын Мұхтар Әблязов тобынан БТА Банкінен жымқырылған 110 мың доллар алды деп айыптады.
Құқық қорғаушы әрі оппозициялық журналист Рамазан Есіргепов Қазақстаннан Францияға қашып барған. Өміріне қастандық жасау әрекетінен кейін полицияның екі офицері күзетіп жүрген белсендінің Алматыдағы үйінен қашып кетудің сәтін қалай келтіргені әзірше белгісіз.
Кездесуге келгендер «Жанболат Мамайды прокурорлардың ар-ожданына тапсырды». Белсенділерге «Жанболат Мамайды ұрып соққаны туралы дәлел әкелуді» сұраған Алматы прокуроры Ғабит Миразов «жер туралы айта бермеуді» өтініп, «президент болудың оңай емес» екенін мәлімдеді.
Отыз жыл бұрын, 1987 жылғы шілденің 16-сында КПСС Орталық комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулы қабылдады. Көпшілік арасында «қазақ ұлтшылдығы туралы» деп аталған қаулының күші екі жылдан кейін жойылды. Сарапшылар сол жылдары демократиялық процестердің күшеюі атышулы қаулының науқаншылдыққа ұласуына мүмкіндік бермеді деп санайды.
11 жыл бұрын Алматы маңындағы Шаңырақ ауылы тұрғындары полицияның үйлерін бұзу әрекетіне ұйымдасып қарсы шыққан еді. Осы іс бойынша сотталғандардың біразы мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға тырысып жатыр.
Шілденің 10-ында оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы, бес айдан астам Алматы қаласындағы СИ-18 уақытша қамау орнында отырған 28 жастағы Жанболат Мамай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен танысуды бастады.
Петропавлда құрылыс жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері бір ғасыр бұрынғы тарихи оқиғаларды еске салды. Жергілікті кей мамандар азамат соғысы жылдары қаза тапқан чех легионерлері осында жерленген болуы мүмкін деген болжам айтады.
Тағы