Сәуірдің 14-інде Австрияда алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісі бойынша Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицерлері Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляктің соты басталды.
Кәрім Мәсімовтің премьер-министр қызметіне екінші рет тағайындалғанына бір жыл толды. Осы аралықта ол көпке көрінбейтін тұйық саясаткерге айналды.
Алматыда қазақ диссиденті Кәрішал Асанов 79 жасында өмірден озды. Қазақстан тәуелсіздік алған тұста ол президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған кітап шығарғаны үшін сотқа тартылған.
Франция соты қазақстандық олигарх әрі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовті Ресейге беруді мақұлдады. Британ баспасөзі «Лондонда зәулім сарайдың қожайыны» деген күдіктерді қайта қозғай бастады.
Францияның кассациялық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы Лион сотының шешімін күшінде қалдырды.
Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруіне, ұйымдастырушылардың айтуынша, елу мыңнан аса адам қатысқан. Мұндай акциялар жексенбіде өзге елдерде де өтті.
Қазақстандық оппозиционерлер Мәскеуде қастандықпен өлтірілген саясаткер Борис Немцовпен бірге «Ресейде демократиялық өзгеріс болады деген үміт үзілді» дейді.
Австрияда Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің түрмеде қайтыс болғаны хабарланды. Ресми ақпарат бойынша, ол өзіне қол жұмсаған.
БТА банк ісі бойынша Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізілген Вероника Ефимова жайлы бас прокуратураның жауабында тұтқынның медициналық тексеруден өткені айтылған.
Австрия прокуратурасының Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласына адам өліміне қатысты айып таққаны хабарланды.
17 желтоқсан – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы басталған күн. Демократиялық жаңару және Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күні ретінде ел қалаларында қоғамдық белсенділер шаралар өткізеді.
Ресей бастаған ЕАЭО келісімі жарты айдан соң күшіне енеді. Кейбір сарапшылар Қазақстан тәуелсіздік алғанда жариялаған көпвекторлы сыртқы саясатынан айныды деп санайды.
Тағы