Қазақстанның бұрынғы топ-шенеунігі, қазір Швейцарияда тұратын саяси эмигрант Виктор Храпунов Азаттыққа берген сұқбатында баласының Швейцариядағы бизнесі жайлы да айтты.
ҚАЖК түрмеде отырған диссидент Атабекті ауруханаға жатқызып емдеудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Ал тұтқын құқық қорғаушыға жазған хатында денсаулығы нашарлағанына шағымданады.
Украина бас прокуратурасының қуғындағы қазақстандық саясаткер Әблязовті экстрадициялау туралы өтініші күшінде тұр. Бірақ Киев түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын айтады.
Рахат Әлиевтің бұрынғы серіктерінің бірі бостандыққа шықты. Бірақ Әлиевтің ісіне қатысты сотталған 40 шақты адамның тағдырынан жұртшылық бейхабар.
Мақсат Досмағамбетов түрмеден Алматыдағы ауруханалардың біріне түсіп, оған операция жасалды. Қоғамдық белсенді қамаудағы жаңаөзендіктердің денсаулығы жайлы ақпарат алу қиын екенін айтады.
Режиссер Қалдыбай Әбенов «Шаңырақ ісі» бойынша сотта айыпталушылардың қоғамдық қорғаушысы болды. «Шаңырақ оқиғасы» күні қарсаңындағы сұхбат осы істің cебеп-салдары туралы өрбіді.
2010 жылы Қазақстаннан кеткен оппозициялық саясаткер Мұратбек Кетебаев шетелде өзін қамап, экстрадицияламақ болған іс-әрекеттерден де аман қалды. Мұхтар Әблязовтың үзеңгілесі Польшадан пана тапты.
18 жылға сотталған Арон Атабектің бір айдан бері карцерге қамалып, жүре алмай қалғаны хабарланды. Белсенділер оған медициналық көмек көрсетуге шақырып, Facebook-те қол жинай бастады.
Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты.
Алматыда тұратын Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алды. Қырымдағы жағдайға «жүректері ауыратынын» айтқан диаспора өкілдері оған саяси баға беруден қашқақтайды.
Жергілікті тарихшы 1930 жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа саяси тұрғыдан да, академиялық зерттеу тұрғысынан да әділ баға берілген жоқ деп санайды.
Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
Тағы