Шілденің 31-і күні Мұхтар Әблязовтың Францияда ұсталғаны туралы хабарға қатысты қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері Азаттыққа пікір білдірді.
Италиялық Corriere della Sera газеті Қазақстан үкіметіне жолдаған сауалдарына жауап алғанын жариялады. Астана белгілі бір шартпен Мұхтар Әблязовтың әйелін қайтара алатынын мәлімдеген.
Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың жұбайы мен қызын депортациялау туралы шешімнің күшін жоятынын жариялады. Мұны Қазақстан жағы өзінше жорыды.
Әлемдегі көне әрі әдемі тарихи орындары бар жерлердің бірі Орталық Азия соңғы кездері осы заманғы амбицияға толы құрылыс, ескерткіштерімен де танымал бола бастады.
Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Италиядан депортациялау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның арасындағы қақтығыстың қаншалықты ушыққанын көрсетеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай Ресей мен Кавказдан Қазақстанға миллионға жуық адам «сенімсіз халық өкілдері» ретінде күшпен қоныс аударылды.
Халықаралық ICIJ ұйымы «170 елдің 130 мың азаматы оффшорда қаржы жасырып отыруы мүмкін» деген ақпарат таратты.
Саяси қуғын-сүргін куәгері Гүлнар Дулатова естелігінде Міржақып Дулатовтың сүйегін Сібірден алдырарда биліктен көмек күткенін айтады.
LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясы заңгерлері «Вена жоғарғы соты Рахат Әлиевке қатысты айыптарды растады» деді. Әлиев сотқа әзір екенін, бірақ өзін ұрлап әкетуі мүмкін екенін айтты.
Режиссер Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға шетелде жүріп үлес қосу үшін қор құрғанын мәлімдеді. Ол басқаратын «Ақсарай» театрының Кельндегі гастролі аншлагпен аяқталды.
Ирандық этнографтың қазақ диаспорасы туралы кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Онда Ирандағы «Қазақ-махалла» тұрғындары туралы айтылған.
Азаттық тілшісі 18 жылға сотталған қазақ диссидентімен телефон арқылы сөйлесіп, елдің саяси жағдайы туралы әңгімелесті. Атабек абақтыда жазған кітабы жарияланған соң «жабық түрмеге» ауыстырылған еді.
Тағы