Соңғы бірнеше жылда «келешекте Қазақстан президенттігінен үміткер болуы мүмкін» деп сипатталған Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі болып тағайындалғалы бұрынғы «еркіндігінен» айырылды дейді саяси сарапшылар. «Иманғалидан артық кімің бар» дейтін кейбір қазақ зиялылары оны «арпа ішіндегі бір бидай» санайды. Ал оппозиция өкілдері «барар жер, басар тауы қалмағанда Тасмағамбетовтың оппозицияға келетінін» айтады.
Ұлыбританияның сот орындаушылары «сотқа құрмет көрсетпеді» деген айыппен 22 айға сотталған Мұхтар Әблязовты іздеп жатыр. Қазақстан президенті Назарбаевты сынаушы қуғындағы бизнесменнің қайда жүргені белгісіз.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков бүгін сағат 11-де Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясынан рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шықты. Жовтис пен Күшіков екі жарым жылдан астам уақыт түрмеде болды.
Ұлыбритания жоғарғы сотының судьясы Найджел Тир «сотқа құрмет көрсетпеді» деп айыпталған Мұхтар Әблязовтың активтерін құрсаулап, өзін тұтқындауға үкім етті. Сот қазақ бизнесменін 22 ай түрме жазасына кесті, бірақ әлі тұтқындаған жоқ.
Бүгін алты жыл бұрын қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басына туыстары мен серіктестері келіп құран бағыштап, марқұмды еске алу шарасын өткізді.
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылы ақпанның 11-інде қаза тапқан соң оның пікірлестері, жанында жүрген серіктері әрқилы саяси трансформациялардан өтті. Кейбірі билікке оралды, «оңшыл» мен «солшылға» айналды.
Желтоқсанның 16-сы күнгі Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атуға бұйрық беруі мүмкін делінген жоғары лауазымды шенеуніктер арасында оппозициялық БАҚ Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің де атын атады. Соңғы бірнеше жылдың ішінде президент төңірегіндегі ықпалды шенеуніктердің біріне айналған оны сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын «тап-тұйнақтай» жүзеге асыратын команданың «басты ойыншысы» деп санайды.
Осы аптада Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Екпін Шардаровтың арызын қарай бастады. Шардаров мектепте оқып жүрген кезде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқанын, қудалау көргенін айтады.
Бүгін Өскеменнің қалалық соты "тұтқын Евгений Жовтистің ісі рақымшылық туралы заңның шарттарына сәйкес келеді" деп тауып, оны босату туралы қаулы шығарды. Құқық қорғаушы 2009 жылдың күзінен бері абақтыда отырған еді.
Оппозиция белсенділері парламент сайлауының алдын-ала ресми нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеп, наразылық білдірді. Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған шара тыныш аяқталып, жұрт тарап кетті.
Жаңаөзендік полицияның зомбылығын көрдім деп мәлімдеген Әсем Кенжебаеваның өзі тергеуге алынды. Ал оның әпкесі полиция қамауынан шыға сала қайтыс болған әкесінің қан сіңген киімдерін прокуратура қызметкерлері алып кетті дейді.
Конституциялық кеңес парламент мәжілісі мен мәслихат депуттары сайлауының Жаңаөзенде өтпейтіні туралы шешіміне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған ветосын еңсере алмады. Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзенге қатысты өз қаулысының күшін жойды.
Тағы