Мерзімді басылымдар Қазақстанда баспасөз күнінің осымен тоғызыншы рет жаңаша тойланып жатқандығына тоқталса, оппозициялық газеттер Қазақстан тәуелсіздік алғанымен ресми билікке қарсы келетін басылымдар мен журналистердің қудалауға ұшырайтындығына тоқталыпты.
Маңғыстау облыстық қаржы полициясы сот шешімімен таратылған оппозициялық “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясының белсенділеріне "заңсыз жолмен айналымға ақша шығарған" деген айып тағылып отырғанын мәлімдеді. Оппоззициясы мұны арандату деп бағалайды.
Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен қолданылатын болды.
Бейсенбі күнгі газеттерде алдағы президент сайлауының қашан өтетіндігі туралы түсінбестіктің туындап отырғандығы айтылыпты. Оппозициялық басылымдарда “Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президент сайлауына қатысуға қақысы бар ма?” деген сауал қойылыпты.
Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні Азаттық радиосының Павлодар аймағындағы тілшісі Есенбек Санатұлы мен «Хабар» агенттігінің сол облыстағы тілшісі Ардабек Солдатбайұлы соққыға жығылды.
Парламент мәжілісі мақұлдаған «Халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес өкілдіктердің және филиалдардың қызметі туралы» заң жобасы Қазақстан қоғамында пікірталас туғызып отыр. Алдағы аптада даулы жоба сенатта қаралады.
Путин өзіне билік басында тағы бір мерзімге қалу мүмкіндігін беретін өзгерістерді Конституцияға енгізу жағдайын қарастырмаймын деп, бұл тұрғыда айтылып жүрген қаңқу сөздерді жоққа шығарып келеді. Ал оппоненттері Путиннің сөзі мен алған бағытында алшақтық болмас үшін түрлі қимыл-әрекеттерге кірісіп кетті.
Мұнай бағасы шарықтаған сайын, мұнайға деген әлемдік талап, сұраныс ұлғайып барады. Осы аптада Нью-Йорк биржасында шикізат бағасы барлық кездегіден де асып, рекордты шегіне жетіп, бір баррель мұнайдың құны 59 долларға барды.
Дәрігер-мамандар алдағы шілде айында Астанада №3 перзентхана үйі ашылуы қаладағы осындай мекемелерге деген зәрулікті аз да болса бәсеңдетер деген үмітте. Тәулігіне 8-10 әйелдің босануына ықшамдалған Астанадағы №2 перзентханада қазіргі уақытта күніне 18-20 нәресте жарық дүниеге келеді екен.
Алматы қаласының Медеу аудандық соты төлем карталарын қолдану арқылы қылмыс жасаған 6 адамға қатысты үкім шығарды.
Қазақстанның қажылар қауымдастығы жанынан Астана қалалық әйел қажылар ұйымы құрылып отыр. Қазіргі таңда Астанада Мекеге қажылыққа барып келген 44 әйел тұрады екен.
Орталық Азиядағы ахуалды талқылаған сарапшылар саяси тұрақтылықсыз экономикалық дамудың болмайтындығын айтады.
Тағы