Сәрсенбі күні Алматыдағы «Алатау» демалыс үйінде Жапонияның Сасакава бейбітшілік қоры мен Қазақстанның «Эксклюзив» талдау-сараптау журналының бірлесіп ұйымдастыруымен «Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ: экономикалық даму және тұрақтылық ізденістері» атты халықаралық жиын өз жұмысын бастады.
Жиынға Орталық Азияның саясаттанушы, экономист маман, сарапшыларынан басқа Жапония, АҚШ, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Түркиядан келген сарапшылар да қатысып отыр. Екі күнге жалғасатын бас қосуда демократиялық сипаттағы төңкерістердің мемлекеттің экономикалық жағдайына ықпалы етуі, аймақтағы әлеуметтік және экономикалық ахуал, сондай-ақ энергетика саласының даму ағымы және шығыс-азиялық елдердің Орталық Азиямен ынтымақтастық мәселері талқынау белгіленген.
Жапонияның Сасакава қорының бастамасымен он жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық бас қосудың осы жолғы ұйымдастырушыларының бірі - «Эксклюзив» журналының бас редакторы Қарлығаш Еженованың айтуынша, бұндай жиын бұған дейін Тәшкентте, Ашхабадта, Бакуде, Бейжіңде және Нью-Йоркте өтсе, бұл жолы алғаш рет Қазақстанда өтіп отыр. Осы жолғы жиынның бұдан бұрынғыларынан өзгешелігі - бұған дейін жапондарды тек Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық хал-жағдайы қызықтырып келсе, осы жолы аймақтың саяси жағдайы да талқыланғалы отыр.
- Бұл, сірә, биылғы жылы Өзбекстанның Әндіжан қаласында және Қырғызстанда болған саяси оқиғаларға байланысты болуы керек, - дейді Қарлығыш Еженова.
Ал Жапонияның Сасакава қорының кеңесшісі Лау Сим Уидің айтуынша, Орталық Азия аймағы үшін ірі державалар өз мүдделерін бұрыннан танытып, аймақтағы саяси ойынға кірісіп келсе де, Жапон елі бұған назар аудармай келген болатын.
- Енді осы аймақтағы соңғы жағдайға байланысты Жапония бұған бей-жай қарай алмайтын болды. Өйткені, аймақта саяси тұрақтылық болмаса, онда экономикалық дамудың болмайтындығы түсінікті, - дейді ол.
Бұл пікірді Қазақстандағы тәуекелдікті бағалау тобының жетекшісі Досым Сатпаев та қостап отыр. Оның айтуынша, Жапония Орталық Азиядағы жағдайды өз назарында ұстап, бақылай бастауы ол елдің өз мүддесі бар екенін ашық таныта бастағанын білдірмек. Ал, АҚШ-тың Гарвард Университетінің профессоры Борис Румердің айтуынша, Өзбекстанда, Қырғызстанда орын алған жағдайлар Қазақстанда қайталануы мүмкін емес.
- Өйткені, Қазақтанның саяси құрылымы бұндай жөнсіздіктердің орын алуына жол бере қоймайды, - дейді ол.
Халықаралық конференция жұмысы бейсенбі күні де жалғасады.