Халықаралық басылымдар постсоветтік елдерде орналасқан биозертханаларға Ресейдің ақпараттық шабуыл жасап жатқаны туралы жазады.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны және елде инфекцияның жылдам тарап жатқаны туралы жазды.
Ұлыбританияның апелляциялық соты Дариға Назарбаева және ұлы Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы “шығу төркіні белгісіз байлыққа алынған” екі элиталық зәулім үйі мен пәтерін бұғаттан босату туралы шешімге апелляциялық шағым түсірген қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің өтінішін қанағаттандырмады.
Осы аптада халықаралық ақпарат құралдарында Израиль компаниясының Қазақстанның «автократ және репрессивті» режиміне азаматтарды аңду технологиясын сатқаны туралы материал жарық көрді.
Осы аптада батыс басылымдары Орталық Азияның, оның ішінде Қазақстанның пандемия салдарынан туған экономикалық мәселелері енді басталғанын және оның соңы наразылықтың жаңа толқынына әкелуі мүмкін екенін жазды.
Бұл аптада Батыс басылымдары құқық қорғаушылар халықаралық стандарттарға сай келмейді деп сынаған бейбіт жиын туралы жаңа заңға қатысты пікір білдірді.
Осы аптада Батыс басылымдары Ресейдің Орталық Азия елдерінің ішкі ісіне қайта-қайта араласу арқылы аймақта «отаршылдық үстемдік» орнатуға ұмтылып жатқаны туралы жазды.
Батыс баспасөзі осы аптада Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Дариға Назарбаеваның әлдекімдерге «жақпай қалып», маңызды мемлекеттік қызметтен босатылғаны туралы жазды.
Батыс басылымдары өткен сенбіде Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетінен айрылып, сенат спикері қызметінен кеткеніне қатысты ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Халықаралық басылымдар Қазақстанда жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы жазды, онда респонденттерден елдің “дұшпандары мен достары кімдер?” деп сұраған.
Бұл аптада батыс баспасөзі Ұлыбританиядағы сот процесі кезінде Қазақстанның экс-президентінің жақындарына қатысы бар болып шыққан Лондондағы зәулім үйлердің дауының Назарбаевтарға және постсоветтік елдерден шыққан басқа да байларға кеңес беретін делдалдардың мәселесіне назар аудартқаны туралы жазды.
Халықаралық басылымдар Қазақстанның қытай интернет-сайтында жарық көрген қазақ жеріне қатысты мақалаға орай Пекинге қарсылық нотасын жібергені туралы жазды.
Тағы