Тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ұсталғанын Батыс баспасөзі де жазды. Халықаралық басылымдардың пайымдауынша, Біләштің ұсталуы Қазақстан билігі өз азаматтарының құқығын емес, Қытаймен қарым-қатынасты жоғары қоятынын көрсетеді.