Шымкентте облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының ондаған қызметкерінің үстінен қозғалған сот процесі басталды.
Астанадағы инклюзивті театрдың алғашқы қойылымы "Джунгли кітабы" деп аталады. Сахнада рольдерді даму ерекшелігі бар балалар сомдайды. "КИТ" инклюзивтік театры ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл - Қазақстанда теңдесі жоқ жоба.
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан бір адам мерт болып, тағы бірнешеуі зардап шекті деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет. Төтенше оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылған. Прокуратура пойыз апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында коммуналдық қызмет тарифтері алдағы уақытта қымбаттайды деген хабар жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Қызмет көрсетуші компания электр қуатының бағасын 20 пайыздан аса көтеруді ұсынады. Тұрғындар өзге коммуналдық қызмет түрлері мен тауарлар бағасы да іле-шала шарықтап кетеді деген қауіппен бұған жол бермеуді сұрайды.
Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласының бас алаңын тұңғыш президенттің құрметіне атауды ұйғарған. Әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі әзірше күшіне енген жоқ, бірақ аймақ әкімдігінің ресми сайтында алаң қазірдің өзінде жаңа атаумен көрсетілген.
Сот Шымкентте мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған судьяны төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айыбын мойындамаған ол апелляциялық шағым түсіретінін айтады.
Oil Construction Company (OCC) мұнайшылары тәуелсіз кәсіподағын жабу туралы Маңғыстау облысы әкімінің талабын қанағаттандырған сот шешіміне қатысты жауапкердің шағымын қараған облыстық соттың апелляциялық алқасы істі алғашқы сот инстанциясына қайтарды.
Әлеуметтік жағдай туралы шағынған ақтөбелік зейнеткерлердің бір тобы қоғамдық бірлестік құрып, мәселесін бірігіп шешу жолдарын қарастырып жатыр. Билік өкілдері зейнеткерлерді алаңдатқан жайды реттеуге болатынын айтады.
Теміртауда мүмкіндігі шектеулі қолөнершілердің шағын тобы киіз басуды меңгеріп, кәсіп көзіне айналдырып отыр.
Тағы