Астанаға Жаңаөзеннен тұрақты жұмыс беруді талап етіп келген, министрлік алдынан полиция күштеп алып кетіп, түні бойы ұстаған мұнайшылардың көбі пойызбен үйіне қайтты. Олар билікпен келіссөз өткізуге 10 адам қалғанын айтады. Жаңаөзенде полиция көшеден адамдарды ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады.
Оралда жергілікті белсенді, "Халық жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Аслан Өтеповтің соты өтіп жатыр. Оған "алаяқтық жасады", "пара беруге итермеледі" деген айып тағылған. Өтепов бұл іс "қолдан ұйымдастырылғанын" айтады, құқық қорғаушылар "істің саяси астары бар" деп біледі.
Ақмола облысы Жолымбет ауылындағы алтын өндіретін фабриканың жұмысы тоқтап қалған. Кен орнын игеруші компания жұмысшыларға өзінің еншілес кәсіпорнынан жұмыс ұсынып отыр. Бірақ ондағы еңбек шарты көптің көңілінен шықпайды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сәбит Байбосынов аумақтық сайлау комиссиясын "хаттамадағы деректерді қолдан өзгертті" деп айыптады. Сайлау қорытындысы бұрмаланғанын учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері де растады. Бірақ сот кандидаттың талабын қанағаттандырмады.
24 ақпанда Алматы облысындағы Кепебұлақ ауылында үй өртеніп, 39 жастағы ер адам екі баласымен бірге қаза болды. Ұялы байланыс нашар ауылдың тұрғындары "жан-жаққа дер кезінде хабарласа алсақ, жалынға оранған үйдегі үшеуді аман алып шығар ма едік" деп налиды.
Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы қазақстандық "Бақыт" фильмі Павлодарға бір апта кешігіп жетті. Берлин кинофестивалінде "көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған фильм жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін ғана прокатқа шықты.
Украинадағы соғысқа Ресей жағынан қатысып, қаза тапқан Орталық Азия елдері азаматтары туралы хабарлар баспасөзде жиі шығатын болды. Дені – бұрынғы еңбек мигранттары, Ресейде сотталғандар. Жазасын өтеп жатқан түрмеден "ЧВК Вагнер" жалдамалылар тобына алынған олар қанды қасапқа тап болып, қырылып қалды. Донбасстағы соғысқа өз еркімен қатысып, ажал тапқан шетелдіктер арасында Қазақстаннан барғандар да бар.
Қарағанды тұрғыны пышақталғанын жарты жылдан бері полицияға дәлелдей алмай жүр. Полицейлер “дәлел жеткіліксіз” деп, істі жауып тастаған. Жәбірленуші құзырлы органдар қол қусырып қарап отырғанына шағынады.
Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз адамды кінәлі деп таныды. Бесеуі Қаңтарда оққа ұшқан. Өзге төртеудің біреуі 2 жыл түрме жазасын алды. Өзгелері жаза мерзімі қысқарып я шартты жазамен босатылды. Сотталған марқұмдардың туыстары оларды ақтау жолында күресетінін айтады.
Ақтөбе соты Қаңтардан кейін айыпталған 18 адамның біреуін 15 жылға, тағы біреуін 4 жылға бостандығынан айырды. Екі адамды ақтады. Өзгелеріне шартты жаза кесті, кейбірінің қамауда болған уақытын өтелген жаза мерзіміне есептеп, оларды босатты. Ең ауыр жаза алған Нұрсұлтан Исаев үкімге қарсы шықты.
Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың туыстары қан төгілген алаңға жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігуге қарсылық білдірді. Аудан әкімі наразылар талабын түсінгендей болды, жиналғандар билікке шыршаны алып тастауға екі күн уақыт берді.
Қазақстанда тозығы жеткен жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен құбырлар істен шығып жатыр. Сарапшылар есебінше, әр өңірде бір-бірден ЖЭО салуға триллиондаған теңге керек. Қолданыстағы ЖЭО-ны жаңғыртуға да қомақты қаржы қажет. Бюджет ондай шығынды көтермейді. Қазақстан энергетикасын не күтіп тұр?
Тағы