Ақмола облысында сот Бестөбе ауылындағы таза ауа үшін күрескен екі экобелсендіні "көрінеу жалған ақпарат таратқан" деп танып, бір жылға бостандығын шектеді. Амнистияға байланысты екеуін жазадан босатты. Белсенділер үкіммен келіспейді.
Азаттық Шымкентте Қаңтар оқиғасында мерт болған тағы жеті адамды анықтады. Осылайша қаңтардағы дүрбелеңде Шымкентте көз жұмған 20 адамның аты-жөні белгілі болды. Барлығы оқ тиіп қаза болғаны Азаттық танысқан тергеу құжатында айтылған. Билік марқұмдарды күдікті санайды, туыстары онымен келіспейді.
Қарағанды облысында тұратын шаруа жергілікті билік жасанды спутниктен түсірілген суретке сүйеніп, тартып алмақ болған жерін сотта қорғап қалды. Бұл оқиға ғарыш мониторингінің сапасы және шенеуніктердің өз міндетіне салғырттығы сияқты бірқатар мәселенің бетін ашты.
"Қазақалтын"тау-металлургия кешені" компаниясы кеншілері Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахталарды су басуына байланысты жұмыссыз қалғанын айтып, президентке видеоүндеу жолдады. Олар ауылдың болашағы мен алтын өндіретін шахталардың тағдырына алаңдайды.
Шахтада ауыр жарақат алған соң мүгедек болып қалған қарағандылық азамат өндірісте болған апатқа кінәсі жоғын дәлелдеуге тырысып жүр. Бірақ сот оның уәжі мен мемлекеттік комиссия қорытындысын елемей отыр. Шарасы таусылған 82 жастағы зейнеткер Ақорданың алдына наразылыққа шығамын дейді.
Мәскеудің Украинаға басқыншылығы Қазақстанның қақтығыс аймағынан жүздеген километр қашықтағы, Ресеймен тығыз байланысы бар батыс өңіріне қалай әсер етті?
Қарағанды өңірінде әкімдік "дұрыс пайдаланбады" деп, шаруаға жерді жалға беру келісімін бұзған. Билік жер серігінен түсірілген суреттерді алға тартады. Шаруалар қауымдастығы үкімет "жерді пайдаланбайтын латифундистермен күрес құралы" деген ғарыш мониторингінің зардабы қарапайым шаруаға тиеді дейді.
"Қармет" мемлекеттік акционерлік қоғамы өндірісінде денсаулығын құртып, мүгедек болған бұрынғы жұмысшы жылдар бойы әлеуметтік қолдауды не мемлекеттен, не жұмыстан талап етерін білмей діңкелеген еді. Ссы санаттағы азаматтарды 20 жыл сергелдеңге салған мәселе жақында шешілді.
Қарағанды өңірінде мемлекет мыс өндіретін аумақты кеңейту үшін бірқатар ауылды жойып, халқын басқа жаққа көшірген. Бірақ бірнеше отбасы жергілікті билік ұсынған өтемақыға көңілі толмай, көшпей отыр. Қыстың көзі қырауда сусыз, жарық пен жылусыз күн кешіп жатқан азаматтар лайықты өтемақы сұрайды.
Қаңтардың басында Жаңаөзендегі наразылыққа Қазақстанның әр өңіріндегі елдімекендер де үн қосқан. Халықтың талабы біртіндеп жергілікті жердегі проблемаларға ауып, әрі қарай саяси сипат ала бастағаны байқалған. Азаттық Түркістан, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында болған оқиғаларды шолып шықты.
5 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз қаласында 500 адам митингіге шыққан. Шара бейбіт өткен: ешқандай бұзақылық не полициямен қақтығыс болмаған. Ертеңіне полиция жүзге тарта адамды, яғни, митингіге шыққан әрбір бесінші азаматты ұстаған. Олар қамауда жатқан кезде таяқ жеп, қорлық көргенін айтады.
Семейде 6 қаңтарда Жандос Жотабаев, 10 қаңтарда Елдос Қалиев ұсталған. Екеуі де полицияның уақытша ұстау мекемесінен тірі шықпаған. Денесінде ұрып-соғу ізі қалған қос азамат та жұмбақ жағдайда көз жұмған.
Тағы