Беларусьте халықтың Александр Лукашенкоға биліктен кету туралы қойған талаптың мерзімі аяқталды. Лукашенко орнын босатқан жоқ. Керісінше, митингіге шыққан жұртқа полиция граната лақтырды, ұрып-соғуын үдетті. Светлана Тихановскаяның шақыруымен халық енді жұмысты тоқтатып, ереуілге шығып жатыр.