Таиландта жастар наразылыққа шығып, ел премьері Прают Чан-Очаның отставкасын талап етіп жатыр. Бұрынғы әскери басшы 2014 жылғы төңкерістен соң билікке келіп, кейін премьер болып тағайындалған. Демократияны қолдайтын наразылар саяси реформаны талап етеді.
Армения мен Әзербайжан 10 қазанда Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бітім жасасқан. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Бір күн өтпей қақтығыс қайта басталып, екі тарап та бір-бірін келісімді бұзды деп айыптайды.
11 құқық қорғаушы ұйым Анкараны түркімен белсендісі Дурсолтан Таганованы Отанына депортацияламауға үндеді. Олар Түркіменстан билігі белсендіні түрмеге қамап, азаптауы мүмкін екенін айтады.
Солтүстік Кореяда коронавирус пандемиясына қарамастан парад өтті. Пхеньян парад кезінде 11 дөңгелекті транспортқа тиелген жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранын көрсетті.
Таулы Қарабақ аймағы үшін қақтығысып жатқан Армения мен Әзербайжан күштері арасындағы әскери жанжал 7-8 қазанда да жалғасты. Екі тараптан да адам шығыны бар.
Франция билігі жақында осы елден саяси баспана алған қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметінің сұрауымен ұстап, ол екі тәулік абақтыда отырып шықты. Нұр-Сұлтан Әблязовты "ірі көлемде қаржы жымқырған" деп айыптайды, саясаткер оны жоққа шығарады.
Беларусь, Ресей және өзге де постсоветтік елдерде авторитар билік режиміне жаппай наразылық білдіргендерді айыптағанда үкімет "Батыстың сценарийі" жайлы жиі айтады. Билік риторикасына негіз бар ма? "Түрлі-түсті революция" идеологы деп атайтын Джин Шарп деген кім?
Тағы