Accessibility links

"Халық ультиматумы" шеруіне жүз мыңнан аса адам шықты. Билік наразыларға күш қолданды

Александр Лукашенкоға қарсы наразылық шеруіне шыққан адамдар. Минск, Беларусь, 25 қазан 2020 жыл.

Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруіне жүз мыңнан астам адам шықты. Полиция демонстранттарға резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданған. Беларусьте билікке жаппай наразылықтың жалғасып жатқанына екі жарым айдан асты.

25 қазан күні Беларусь астанасы мен өзге де қалаларда Александр Лукашенкоға қарсы жаппай бейбіт шеру өтті деп хабарлады Азаттықтың Беларусь қызметі. БелаПАН агенттігі бұл күні ел бойынша қарсылық акцияларына жиынтығы екі жүз мыңға тарта адам шықты деп жазды.

Беларусь елінде биыл 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін басталған жаппай қарсылық шеруі осымен он бірінші аптаға жалғасып жатыр. Әсіресе әр аптаның соңында наразылық акциясына ондаған мың адам қатысып жүр. Сайлаудың ресми қорытындысына келіспеген жұрт елді 26 жылдан бері үздіксіз басқарып келген автократ Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етеді.

Бұл жолы Минск көшесіне жүз мыңнан астам адам шықты деп хабарлады Telegram мессенджері арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз ақпарат құралдары.

"Минск – қаһарман қала" стелласы маңына жиналған жұрт. Минск, 25 қазан 2020 жыл.

("Минск – қаһарман қала") стелласы алдына бүгін 100 мыңнан астам адам жиналды. Наразылар Машеров даңғылымен Богданович көшесіне шеру тартып барады" деп хабарлады жексенбі күні Nexta Live телеграм-каналы.

Елде бірнеше айдан бері интернет сайттар бұғатталып, қарсылық акциясынан хабар дайындап жүрген журналистер қысым мен қудалауға тап болған.

Жексенбіде бірнеше қалада милиция жасағы наразылық акциясына кедергі жасауға тырысты, ондаған адам ұсталды. Минскіде күштік құрылымдар демонстранттарға құлақ тұндыратын граната лақтырып, резеңке оқ қолданған, зардап шеккендер бар деп хабарлады Азаттықтың Беларусь қызметі.

Минскідегі наразылық акциясы туралы фотогалерея (25 қазан 2020 ж.)

Минскіде "Халық ультиматумы" шеруіне полиция күш қолданды

Айырым белгісі жоқ күш құрылымының қарулы жасағы.
1/54 Айырым белгісі жоқ күш құрылымының қарулы жасағы.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Милиция арнайы жасағы (ОМОН) мен өзге де күш құрылымы өкілдері Октябрь алаңына баратын жолды жауып тұр.
2/54 Милиция арнайы жасағы (ОМОН) мен өзге де күш құрылымы өкілдері Октябрь алаңына баратын жолды жауып тұр.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
3/54

Қарулы жасақ Тәуелсіздік даңғылынан Октябрь алаңына баратын жолды да жапты. Мұны көрген демонстранттар Жеңімпаздар даңғылына бет алды.
4/54 Қарулы жасақ Тәуелсіздік даңғылынан Октябрь алаңына баратын жолды да жапты. Мұны көрген демонстранттар Жеңімпаздар даңғылына бет алды.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Милиция жасағы наразыларды Тәуелсіздік даңғылына өткізбеу мақсатында Ленин көшесін де жауып тастады. Демонстранттар жапсарлас Жеңімпаздар даңғылына қарай ойысты.
5/54 Милиция жасағы наразыларды Тәуелсіздік даңғылына өткізбеу мақсатында Ленин көшесін де жауып тастады. Демонстранттар жапсарлас Жеңімпаздар даңғылына қарай ойысты.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
6/54

7/54

Ондаған мың адам Жеңімпаздар даңғылымен "Минск - қаһарман қала" стелласына қарай беттеді.
8/54 Ондаған мың адам Жеңімпаздар даңғылымен "Минск - қаһарман қала" стелласына қарай беттеді.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
9/54

10/54

11/54

12/54

Наразылық шеруіне шыққандар "Трибунал!", "Ереуіл!" деп ұрандады.
13/54 Наразылық шеруіне шыққандар "Трибунал!", "Ереуіл!" деп ұрандады.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
"Минск – қаһарман қала" стелласының төңірегіне тосқауыл қойылмағанымен, ескерткішке баратын баспалдақты күш құрылымдары өкілдері бақылап тұрды. Билік өкілдері дауыс зорайтқыш құралдан жұртқа акцияның заңсыз екенін ескертумен болды.
14/54 "Минск – қаһарман қала" стелласының төңірегіне тосқауыл қойылмағанымен, ескерткішке баратын баспалдақты күш құрылымдары өкілдері бақылап тұрды. Билік өкілдері дауыс зорайтқыш құралдан жұртқа акцияның заңсыз екенін ескертумен болды.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
15/54

16/54

17/54

18/54

Беларусь астанасындағы "Минск – қаһарман қала" стелласы сайлаудан кейін наразылық акциялары өтетін негізгі орынға айналған.
19/54 Беларусь астанасындағы "Минск – қаһарман қала" стелласы сайлаудан кейін наразылық акциялары өтетін негізгі орынға айналған.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
20/54

21/54

22/54

Минскідегі Машеров көшесі адамға толды – жаяулар жүретін жерде де, көлік жолында да ине шаншар орын болмады.
23/54 Минскідегі Машеров көшесі адамға толды – жаяулар жүретін жерде де, көлік жолында да ине шаншар орын болмады.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
24/54

25/54

26/54

27/54

28/54

29/54

30/54

31/54

32/54

33/54

34/54

35/54

36/54

37/54

38/54

39/54

40/54

41/54

42/54

43/54

44/54

45/54

46/54

Жеңімпаздар даңғылына баратын жол жабық. "Граница" жүйесі, су шашатын екі көлік, милицияның арнайы жасағы наразылардың жолын кес-кестеп тұр.
47/54 Жеңімпаздар даңғылына баратын жол жабық. "Граница" жүйесі, су шашатын екі көлік, милицияның арнайы жасағы наразылардың жолын кес-кестеп тұр.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
48/54

Демонстранттар милицияның арнайы жасағы құрған тосқауылға 5 метрге дейін жақын келіп, "Шық!" деп айқайлады.
49/54 Демонстранттар милицияның арнайы жасағы құрған тосқауылға 5 метрге дейін жақын келіп, "Шық!" деп айқайлады.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Демонстранттарды ары қарай қуып тастауға тырысқан милиция жасағы (ОМОН) резеңке оқ қолданды. Наразы жұрт "Нацистер!" деп айқайлады.
50/54 Демонстранттарды ары қарай қуып тастауға тырысқан милиция жасағы (ОМОН) резеңке оқ қолданды. Наразы жұрт "Нацистер!" деп айқайлады.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
51/54

Күш құрылымы қызметкерлері шеруге шыққандарға қарсы резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданды.
52/54 Күш құрылымы қызметкерлері шеруге шыққандарға қарсы резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданды.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
53/54

Нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Оқиға орнына он шақты жедел жәрдем көлігі келді. Зардап шеккендерді Минскідегі үш ауруханаға жеткізді.
54/54 Нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Оқиға орнына он шақты жедел жәрдем көлігі келді. Зардап шеккендерді Минскідегі үш ауруханаға жеткізді.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Previous slide
Next slide

Президенттік сайлауда билік кандидатына негізгі бәсекелес болған Светлана Тихановская бұған дейін Лукашенкоға 26 қазанға дейін өз еркімен кетіп, елдегі саяси тұтқындардың барлығын босату туралы талап қойған. "Халық ультиматумы" деп аталған талапта Лукашенко орындамаса, онда 26 қазаннан бастап елде жалпыұлттық ереуіл басталып, жолдар жабылып, мемлекеттік кәсіпорындар өніміне бойкот жарияланатыны ескертілген.

25 қазандағы наразылық акциясының қорытындысы туралы жазбасында Тихановская: "Бүгін режим тек күш қолдануды ғана білетінін тағы бір рет дәлелдеді. Бірақ көпке және перзентхана терезесінің түбіне құлақ тұндыратын граната лақтыру – күштілік емес. Шындықты айтуға, өз сөзіне жауап беруге және елдің талабын орындауға режимнің дәті бармайды. Демек, бұл режим белорус халқына лайық емес, ол биліктен айырыла бастады" деп жазды.

Милиция жасағы бейбіт шеруге шыққан демонстранттарға қарсы резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданды. 25 қазан 2020 жыл.

Беларусь ішкі істер министрлігі "демонстранттар құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған соң оларға қарсы арнайы құралдар қолданылды" деп мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты жоққа шығарғандар оқиға орнынан түсірілген видеолар мен суреттерді алға тартып, билік өкілдерінің бейбіт адамдарға негізсіз күш қолданғанын айтады.

"Наша ніва" басылымының тілшісі құлақ тұндыратын гранатадан зардап шеккен ер адамды өзге азаматтар қауіпті жерден алып шыққанын хабарлады. Азаттықтың Беларусь қызметі граната жарылғанда тағы бір қыздың аяғына зақым келгені туралы жазды. Ол қыздың хал-жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Милиция құлақ тұндыратын граната қолданған кезде сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесі бүлінген.

Милиция бейбіт шеруге шыққан демонстранттарға қарсы арнайы құралдар қолданды. Минск, 25 қазан 2020 жыл.

Түрлі мәлімет бойынша, жексенбі күні Беларусьтегі наразылықтар барысында 300-ден астам адам ұсталған.

"Вясна" құқық қорғау ұйымы Минск, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Могилев, Бобруйск, Борисов, Жабинка, Жодино, Лида, Ляховичи, Новополоцк, Пинск, Речица қалаларында билік азаматтарды ұстаған деп хабарлады.

Билік орындары нақты қанша адам ұсталғаны жайлы ақпарат бермеді.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясы 9 тамыздағы президент сайлауында Александр Лукашенко жеңді деп ресми хабарлаған. Онымен келіспейтін жұрт сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді.

Еуропа одағы мен өзге де батыс елдері сайлау қорытындысын мойындамайды. Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей мен Тәжікстан сияқты елдердің басшылары Лукашенкоға "сайлаудағы жеңісіне" құтты болсын айтып, жеделхат жолдады.

Он бір аптаға жалғасқан наразылық акциялары кезінде Беларусь билігі демонстранттарға күш қолданып, қолға түскен бейбіт азаматтарды азаптағанын халықаралық ұйымдар мен батыс елдері айыптады. 9 тамыздан бері Беларусьтегі наразылық барысында мыңдаған адам зардап шекті, бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар да бар.

Айдар
XS
SM
MD
LG