Freedom House құқық қорғау ұйымы "Әлемдегі еркіндік – 2023" атты жаңа есебінде Орталық Азия елдерінде еркіндік жоғын, Қазақстанда Қаңтар оқиғасын тергеу біржақты жүргізілгенін айтты. Азаттық халықаралық ұйымның Еуропа және Еуразия аймағы бойынша аға ғылыми қызметкері Майкл Смельцермен сұхбаттасты.
Грузия парламенті мақұлдаған "шетел агенті" туралы заң қоғам қарсылығына ұшырады. 7 наурызда ел астанасы Тбилисиде мыңдаған адам наразылық білдірді. Оларды полиция су, газ шашып таратуға тырысты. Бүгін де наразылар парламент ғимаратының маңына жиналып жатыр.
Германиядағы Маршалл қоры дайындаған есепте Украинада соғыс басталғалы Ресей мен Қытайдың ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметкерлерінің ымыраластығы артқаны айтылады.
Түркиядағы Антакия қаласында зілзала кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматын құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Қолы сынған. Бүлінген зәулім ғимараттың астында қалған тағы екі қазақты құтқару үшін Қазақстаннан барғандар арнайы техникаға мұқтаж екенін айтып, жұрттан жәрдем сұрады.
Тағы