Орталық Азия бойынша конференцияда құқық қорғаушылар мен ғалымдар өңірде қордаланған мәселелер туралы айтты. Шараның жүргізушісі бес мемлекет халқын "ішкі авторитаризм мен геосаяси қысым тұтқыны" деп атады.
Қазақстан елде тұратын қарақалпақ ұлтының өкілдері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты. Олар былтырдан бері Өзбекстанның сұрауымен абақтыда отыр. Ташкент бұл азаматтарға "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қарсы әрекет жасады" деген айып таққан.
Шавкат Мирзияев билікке келгенде басталған “жылымық” кезінде мыңдаған оқырманы бар, халыққа сөзі өтімді ондаған блогер пайда болды. Енді билік оларды өзіне қауіп көріп отыр. Сарапшылар мемлекет блогерлерді “қара тізімге” енгізе бастағанын айтады.
Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі Орталық Азияның "Талибан" үкіметімен қарым-қатынасы қалай өзгерді? Террорист ұйым деп танылған "Талибанмен" байланыс орнату қаншалық орынды? Қазақстан Ауғанстанмен экономикалық байланысты арттыруға неге мүдделі? Азаттық журналист Брюс Панниермен осыны талқылады.
Тағы