Қырғызстандағы медицина қызметкерлеріне кей науқастардың ашулы туыстары шабуыл жасай бастаған. Бірнеше дәрігер мен медбике ауыр жарақат алған. Бұл тенденция парламентті медицина қызметкерлеріне күш қолданған азаматтарды жазалайтын норма енгізуге итермелеп отыр.
Батыс Түркіменстан билігі жергілікті тұрғындардан тойларда бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндерін қосып, шетелдік музыкадан бас тартуды талап еткен. Бұл аймақта орыс, армян, әзербайжан сияқты этностық топтар тұрады. Жаңа ереже бойынша, олар өз тойында туған тілінде ән тыңдай алмайды.
2023 жылы маусымда Ташкентте қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағаннан кейін Қарақалпақстандағы жастарға қысым күшейген. Азаттыққа хабарласқан қарақалпақ жастары әлеуметтік желіде Тәжімұратовты қолдағаны үшін қысым көргенін айтады.
Еуропарламент Орталық Азия жөніндегі резолюцияны басым дауыспен қабылдады. Қарарда аймақ елдерін адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға және Еуропа Одағымен тығыз ынтымақтастықта болуға үндеген.
Тағы