Қытайда түрлі реакция туғызған андрогиндік поп-топ пайда болды. Жұрттың реакциясына қарап оларды қазақстандық Ninety One тобына ұқсатуға болады. Ninety One-ға қатысты реакция жігіттердің боянып, сырға тағуынан шықса, қытайлықтар Acrush тобының ұлдан айнымайтын қыздар екеніне таңғалған. Топ өкілі «ұл да емеспіз, қыз да емеспіз» десе, зерттеуші «ер мен әйел келбетіне қатысты дәстүрлі ұғымдарды бұзған» топқа наразы.