Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында студент ақындардың айтысы өтті. 12 ақын осы өнердің «түре айтыс», «сүре айтыс», «қайым айтыс», «жұмбақ айтыс» сияқты түрлерін көрсетті.
Алматыда өтіп жатқан «Откровение» театр фестивалінде елде инклюзивтік театр алаңының негізі қаланды. Даму ерекшеліктері бар жандарды театр сахнасында өнер көрсетуге тартумен айналысатын мұндай жобалар ертеректе жабылып қалған болатын.
Қытайдағы "I Am a Singer" байқауында өнерімен көрерменді тәнті еткен қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жетпістегі әжесі әлеуметтік желі арқылы жанкүйер болып отыр.
Астаналық жас режиссерлер түсірген «Ақерке, сені сүйемін» фильмі ақпанның 2-сінен бастап облыс кинотеатрларында прокатқа шығады. Фильмде сүйек кемігін ауыстырар кезде донор жетіспеуі проблемасы да айтылған.
Нью-Йорк киноөнері академиясы студенті Хайролла-Сұлтан Хисами туған жерінде The Last Sin ("Соңғы күнә") атты тырнақалды қысқа метражды фильмін көрсетті. Қазақстандық режиссер бір күн ішінде әрі үш мың долларға түсірген картина АҚШ кинофестивалінде жағымды пікірлер алған.
Танымал тележүргізуші әрі актер Сергей Погосян 1990 жылдары Аяз ата болып қалай жұмыс істегені, "ТВ-Бинго" бағдарламасы және жұрттың қалай көңіл көтергені жайлы айтты.
Қазақстан парламенті қарап жатқан «Мәдени даму» туралы заң жобасында елде көрсетілетін шет тіліндегі фильмдерді мемлекеттік тілге аудару талабы бар. Көркем фильмдерді дубляждау проблемасы бұған дейін де көтерілген. Талқылауға сарапшы Салтанат Дүнгенбаева қатысты.
Тәуелсіз ширек ғасыр ішінде Қазақстанның тарихы, саясаты, экономикасы мен мәдениеті жөнінде Батыстағы академиялық зерттеушілер қандай тұжырым жасады?
Қазақстандық белгілі актриса Венера Нығматулина тергеу абақтысындағы түсірілім туралы, базардағы саудасы жөнінде және каратенің өтпелі тұста қалай кәдеге жарағаны жайлы айтты.
Режиссер Сергей Әзімовтің 1990 жылдардағы деректі киноның жағдайы мен қазіргі «топас попкорн» туралы сұхбаты.
Қазақстанда «Тоқал» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм авторлары «тоқал алу дәстүрінің жағымды тұстарын жоғалта бастағанын» мәлімдесе, көрермендер «кинодан көргендерін өмірлерінде де көріп жүргендерін» айтады.
«Алтын домбыра» алған айтыскерге кей көрерменнің көңілі толмады. Ал жеңімпаз өзге ақындардың бұл айтысқа «шаршаңқы келгендерін» айтады.
Тағы