Алматыдағы қараусыз қалған трамвай депосында Қазақстандағы және әлемдегі адам құқығын қорғау проблемасын қозғайтын спектакль премьерасы өтті. Қойылымға елден қашқан екі босқынның тағдыры арқау болған. Екеуі де – жыныстық азшылық өкілдері.
Алматыдағы АРТиШОК театры 16-маусымын украиналық драматург Наталья Ворожбиттің «Ұят» пьесасы желісімен қойылған спектакльмен ашты. Пьесада қоғамдағы құндылықтардың құлдырауы көрсетілген.
Алматыда ресейлік фильмінің ашық көрсетілімі болды. Фильм кейіпкерлері Қырым аннексиясынан кейінгі Ресейдегі жаңа саяси жағдайды зерделейді.
Вице-премьер Дариға Назарбаеваның музейдегі мәтіндерді орыс тілінде де жазу туралы ұсынысы әлеуметтік желіде дау тудырды. Ол барып қайтқан "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі бұл жайлы ресми нұсқау алмағандарын айтады.
Бүгін Семей мен Астанада Абайдың туған күнін атап өтті. Елдің басқа өңірлері ақынның туғанына 171 жыл толуын бұдан жарты айдай бұрын – 10 тамызда еске алған.
Алматыда қазақтардың 19-ғасырдың ортасындағы тұрмысын сипаттаған британ саяхатшылар Томас және Люси Аткинсонның жазбалары мен суреттері таныстырылды. Қазақстанды аралаған саяхатшылар туралы кітаптың презентациясына Алатау Тамшыбұлақ есімді жалғыз ұлынан тараған ұрпақтары келді.
Шілденің 9-ы күні жазушы, мәдениеттанушы, көсемсөзші, философия ғылымдарының кандидаты Әуезхан Қодар дүние салды.
Қазақстанда 1916 жылы Екінші Николай патшаның тыл жұмысына «бұратана» халықтарды тарту жайлы жарлығына қарсы көтеріліс болды. Бұл күнге сол оқиға кезінде туған бірнеше ән-күй жеткен.
Қазақстанда қазір фильм түсірушілер туындыларын кімнің талғамына арнап жасайды? AzattyqLIVE бұл тақырыпты актер Әзиз Бейшенәлиевпен орыс тілінде талқылады.
Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Ташкентте өтетін саммитіне ән арнады. Сыншылар әншінің бұл әрекетін сахнаға қайта оралу амалы деп атайды.
Қырғызстанда да Қазақстандағыдай экстремизммен күрес тақырыбында спектакль қойыла бастады. Мұндай туындылар ресми мекемелердің тапсырысымен әзірленеді. Оның әсері туралы мамандар әртүрлі пікірде.
Тұңғыш рет Қытайда тұратын қазақ ақындарының өлеңдері жинағы Қазақстанда жарық көрді. «Сексеуілдің шоғы» атты кітапқа туындылары енген ақындар шығармаларының қазақстандық оқырмандарға жеткеніне риза.
Тағы