Алматыда «Ел болам десең...» деген атпен студенттер айтысы өтті. Айтыскерлердің көбі қоғамдық мәселелерді сақтана сөз етті.
2-7 желтоқсан аралығында Бакуде ЮНЕСКО ұйымының отырысында материалдық емес мәдени мұралар тізімі толықтырылмақ. Биыл тізімге монғолдың киіз үйі, түріктің кофе ішу дәстүрі, корейлердің кимчи тағамы да ұсынылған.
Алматыда «Менің атым Қожа» фильмінің 50 жылдық мерейтойы өтті. Фильмдегі актерлердің тағдыры да, бала еңбегіне қатысты ой-пікірлер де жарты ғасырда көп өзгерген.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы айтысқа арналған веб-сайтты сатып алды. Одақтың сөзінше, «телеарналар қиятын сөздер» енді ол сайтта толық беріледі.
Қарашада Алматы зоопаркі жұмыс істей бастағанына 76 жыл болды. Бірақ, зоопарк басшыларының айтуынша, ашылған күннен бері мұнда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмеген.
26 қазанда Алматының орталық мешітінде құран оқудан 5-республикалық жарыс басталды. Оған Қазақстанның әр түкпірінен 80 жас қари қатысып жатыр.
Алматыда саяси қуғын-сүргіннің азабы мен зардабын өнер арқылы суреттейтін көрме ашылды.
Қазанның 21-і күні «Астана опера» театрында Джузеппе Вердидің «Аттила» операсының премьерасы өтеді. Италия режиссері белгілі тұлғаны басқа қырынан танытуға уәде етті.
Иранның жаңа мәдениет министрі Әли Жаннати бұрынғы президент Ахмадинежад тұсындағы цензураны сынап, «қолдарынан келсе, цензорлар Құранға да тыйым салатын еді» деді.
Орыс православ ұлтшылдары Мәскеудегі Третьяков галереясынан танымал картинаны алып тастауды талап етті. Олардың пікірінше, «Илья Репиннің шығармасы орыс тарихын бұрмалайды».
Брюссель қаласынан велосипедпен шыққан бельгиялық Гильом Брюир осы аптада Астанаға келді. Оның көлігі күннен қуат алады.
Тағы