Алматыда Мұстафа Шоқай шығармалары жинағының тұсаукесері өтті. 20-ғасырдың басында большевиктерге қарсы ұстанымда болып, эмиграцияға кеткен саясаткерді тарихшылар ірі қайраткерге балайды.
Режиссер Әмір Байғазиннің тырнақалды «Үндестік сабақтары» көркем фильмі Қазақстанда прокатқа шықты. «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген шығарма шетелде көптеген жүлде алған.
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің «Өзге планеталықтардың қатысы жоқ» атты жаңа фильмін түсірушілер тобы «комедиялық триллер» деп атағанымен, оның күлкі шақырар тұстары аз.
Бірнеше ерікті Android, Apple және Kindle құрылғыларына арналған қазақша электрондық кітаптар қорын жасай бастады. Ол қордан көркем әдебиет туындыларын жүктеп алуға болады.
Алматыда «Ел болам десең...» деген атпен студенттер айтысы өтті. Айтыскерлердің көбі қоғамдық мәселелерді сақтана сөз етті.
2-7 желтоқсан аралығында Бакуде ЮНЕСКО ұйымының отырысында материалдық емес мәдени мұралар тізімі толықтырылмақ. Биыл тізімге монғолдың киіз үйі, түріктің кофе ішу дәстүрі, корейлердің кимчи тағамы да ұсынылған.
Алматыда «Менің атым Қожа» фильмінің 50 жылдық мерейтойы өтті. Фильмдегі актерлердің тағдыры да, бала еңбегіне қатысты ой-пікірлер де жарты ғасырда көп өзгерген.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы айтысқа арналған веб-сайтты сатып алды. Одақтың сөзінше, «телеарналар қиятын сөздер» енді ол сайтта толық беріледі.
Қарашада Алматы зоопаркі жұмыс істей бастағанына 76 жыл болды. Бірақ, зоопарк басшыларының айтуынша, ашылған күннен бері мұнда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмеген.
26 қазанда Алматының орталық мешітінде құран оқудан 5-республикалық жарыс басталды. Оған Қазақстанның әр түкпірінен 80 жас қари қатысып жатыр.
Алматыда саяси қуғын-сүргіннің азабы мен зардабын өнер арқылы суреттейтін көрме ашылды.
Тағы